«Ризашылық күні және заманауи қоғам»

 05/12/2015 шетел тілдер кафедрасы оқытушылары Ә.К. Шаяхмет, А.Ж. Калиева, Д.Х. Худайбердина «Ризашылық күні және заманауи қоғам» атты тәрбие және білім беру шарасын “Айналаңды нұрландыр” бағдарлама аясында өткізді. Студенттер ағылшын тілінде сөйлеу дағдыларын (презентация, мини-көріністер, талқылау арқылы) дамытып, өздерінің көркемдік (постерлер) пен әртістік (өлеңдер, сахналық мини-көріністер), аспаздық (ризашылық күніне арналған тағамдар), музыкалық (әндер) шеберліктерін көрсетіп, өз командаларының өнер көрсетуде сәттілігі үшін студенттік кооперацияны нығайтты. Қатысушылардың барлығы қазіргі замандағы ризашылық білдіру, адамдардың бір-біріне, қоғамына, туған еліне мен жеріне риза болып, оны білдіру маңыздылығын баса айтты. 

 

 

Басылым күні :  12.12.2015