Халықаралық конгресс

25.11.2023

Көрулер: 174

2023 жылдың 23-25 қарашада Манас қырғыз-түрік университетінде “Түркі өркениетін зерттеу және тәжірибе орталығының” ұйымдастыруымен өткен “ТҮРКІ ӨРКЕНИЕТІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНГРЕСІНЕ” Ал-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Түркітану және тіл теориясы» профессор-оқытушылары, докторанттары мен магистранттары қатысты. Конгресстің ішкі тақырыптары: Тарих, Білім беру, Тіл және әдебиет, Мәдениет және Коммуникация болды. Конгресске қатысушылар осы тақырыптар аясында өздерінің зерттеп жүрген тақырыптарымен бөлісті.

Конгресс соңында Манас қырғыз-түрік университетінің ректоры, профессор Алпаслан Жейлан Қазақстанның әр университетінен келген профессорлар және докторанттармен кездесті. Кездесу барысында қазіргі кездегі білім беру жүйесіндегі және ғылымдағы жаңашылдықтар туралы сөз қозғалды.