Ғылымдағы жастар

10.04.2023

Көрулер: 495

Ғылым әлеміне берер тағылымы мол «Фараби Әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясының кезекті іс шарасы өтті2023 жылғы 6-8 сәуір аралығында студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы мен шетел студенттері, магистранттар, докторанттар, жас ғалымдар шақырылып, сегіз секция бойынша ғылымның әртүрлі саласындағы теориялық, эксперименттік, қолданбалы бағыттағы баяндамалар тыңдалды. Конференцияның қорытындылары бойынша Әл-Фараби ат. ҚазҰУ-нің 48 қатысушысы I, II және III-дәрежелі диплом иеленді. Конференцияға университетіміздің филология факультетінен жас ғалымдар атсалысып, жүлделі орындарды еншілеп алды. Конференцияның қорытынды салтанатында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы қатысушыларды құттықтап, ізгі тілектерін білдірді. Конференция материалдарының жинағы жарыққа шығарылуы жоспарланған.

Әлемнің үздік университеттерінің қатарында жоғары рейтинг көрсеткіштеріне ие болып отырған Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті конференция аясында ғылыми-зерттеу және оқу-ағарту іс-шараларын ұйымдастыра отырып, студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми ізденістері мен оқу-танымдық іс-әрекетін ынталандырып, көтермелеуге, шығармашылық қабілеттерін дамытуға зор септігін тигізеді.

2013 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан «Фараби әлемі» конференциясы алуан-қилы ғылыми міндеттерді алғы шепке қойып, дөңгелек үстелдерді, ғылыми пікір-таластарды, шеберлік мастер-класстарды, көрнекі ғалымдармен кездесу іспетті іс-шараларды ұйымдастыра отырып, өскелең жас буын ғалымдардың ғылыми ізденімпаздығын талпындырады, және ғылымның әр саласына оң серпіліс беріп, осы арқылы еліміздің жарқын болашағы үшін рухани және экономикалық өркендеуіне қажетті алғышарттарды тудыруда.

Түркітану және тіл теориясы кафедрасы оқытушысы

Ешметова Балжан,

1 курс магистранты Бекмұхамедов Рақымжан