Кәсіптік бағдар беру

08.05.2023

Көрулер: 562

Мектептермен кәсіптік бағдар беру   жұмыстарын ұйымдастыру  және өткізу бойынша болашақ мектеп түлектеріне мамандықтарды таныстыру жұмыстары «Дұрыс таңдау» деген атаумен атқарылып «Түркітану және тіл теориясы» кафедрасы профессор-оқытушылары Алматы қаласы, Қонаев қаласы, Талдықорған қаласы, Кентау қаласы, Жаңаөзен қаласы, Жамбыл облысы және Алматы облыстарының мектептерінің жоғары сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырды.

Алматы қаласының мектептерімен дәстүрлі форматтағы кездесулер болса, алыс аймақтардағы жоғары сынып оқушыларымен онлайн форматта жемісті кездесулер ұйымдастырылды.

Кездесуде төмендегі ақпараттармен таныстырылды:

●      ҚазҰУ-дың әлемдік ЖОО арасындағы орны;

●      Факультет тарихынан тобықтай;

●      Кафедра мамандықтарымен толық таныстыру;

●      Кафедра мамандықтарының қоғамға берері;

●      ПОҚ туралы ақпараттар, шетелдік тәжірибе;

●      Кафедраның халықаралық байланыстары;

●      Академиялық ұтқырлық;

●      Кафедра үйірмелері мен клубтары;

●      Студенттер көзімен;

●      Түлектердің жұмыс орны;

●      «Сұрақ-Жауап» айдары;

Оқушылардың мазалап жүрген сұрақтарына жауап беріліп, мамандықтардың ерекшелігі көрсетілді. Жоғары сынып оқушыларына өмірлік маңызы бар таңдауды дұрыс жасауға тілектеспіз.