"Қазіргі "Ұлы Тұран" шеңберіндегі түркі тілдес халықтардың ынтымақтастығы" тақырыбындағы семинары

16.02.2023

Көрулер: 638

Түркі бірлігінің түп негізі

2023 жылдың 16 ақпан күні сағат 11:00-де Филология факультеті Түркітану және тіл теориясы кафедрасы Ыстамбұл университетінің Түркітану  ғылыми-зерттеулер институтымен бірігіп «Қазіргі «Ұлы Тұран» шеңберіндегі түркі тілдес халықтардың ынтымақтастығы» атты халықаралық ғылыми семинар өткізеді. Түркітану және тіл теориясы кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.д., профессор Авакова Раушангул Амирдинқызының кіріспе сөзінен кейін сөз алған халықаралық семинардың бас баяндамашы ретінде Түркия Республикасы Ыстамбұл университеті Түркітану  ғылыми-зерттеулер институтының профессоры, доктор мырза сөйледі. Өмір Құл мырза «Оспан батыр және шығыс түркістандағы ұлттық күрес (1941-1951)» атты кітаптың авторы, Тұран идеясының негізгі бағыттары мен тарихы, түркі бірлестігі туралы ғылыми зерттеулер жүргізіп жүрген ғалымдарымыздың бірі әрі бірегейі болып табылады.Бас баяндамашы жиынға қатысушы тәлімгерлер, оқытушы-профессор құрамы және қонақтардың сұрақ-жауап бөлімінде бірнеше сауалдарына жауап беру арқылы көптеген маңызды мәліметтерді айту арқылы, тақырыпты тереңнен қамти алды. Жиын соңында сөз алған қонақтардың ішінде М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтынан ф.ғ.докторы, профессор Хамраев Алимжан мырза, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінен ф.ғ.к., доцент Арзиев Руслан мырза кафедра басшылығы мен арнайы келген бас баяндамашыға алғысын білдіріп, түркі халықтарының бірлесе ғылыми бағыттағы жобаларын жасауға әрдайым дайын екендігін, түркітану ғылымының өрісін кеңейтуге ат салысатындығын білдірді. Мұндай жиын барша түркі бірлестігі мен жұртшылығы үшін өте маңызды екендігін ерекше атап өтті. 

Түркітану және тіл теориясы кафедрасының оқытушысы ЕШМЕТОВА Б.Б.