Феррух Акжа

23.12.2022

Көрулер: 744

 Эскишехир Османгази университеті (Түркия Республикасы) профессоры, доктор Феррух Ағжа 25 қараша мен 25 желтоқсан аралығында Фараби университетіне дәріс оқуға келді. Профессордың дәрістері көне ұйғыр тіліндегі мәтіндерді оқу, аудару, оларды қазіргі түркі тілдерімен салыстыру мәселелеріне арналды. Әсіресе, профессордың "Ғылыми индексі жоғары шетелдік журналдарға мақала жариялаудың жолдары мен қағидалары" атты дәрісі кафедрамыздың магистрант, докторант және оқытушыларына көп пайдасы тиді. Онда профессор скопус базасына кіретін журналдарға мақала жариялау бойынша нақты мәліметтерді жүйелі түрде түсіндірді. Профессордың дәрістерін басынан аяғына дейін тыңдағандарға сертификат табысталды. Университет тарапынан профессорымыз АЛҒЫС ХАТпен марапатталды.