«ӘЛ-ФАРАБИ ФИЛОСОФИЯСЫ: МӘДЕНИЕТ, ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ» атты Халықаралық ғылыми-әдістемелік воркшоп

01.06.2020

Көрулер: 1832

Бүгін дәстүрлі түрде өтетін ХХІІI «Аханов оқулары» аясында әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған «ӘЛ-ФАРАБИ ФИЛОСОФИЯСЫ: МӘДЕНИЕТ, ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ» атты Халықаралық ғылыми-әдістемелік воркшоп өтті. Ғылыми-әдістемелік воркшопта «Әл-фараби мұрасы және әлемдік мәдениет», «Разум как центральное понятие философии аль-Фараби», «Pedagogical Ideas of Al-Farabi», «Әл-Фараби және оның лингвистикалық көзқарастары», «Тіл мен танымның арақатынасын әл-Фараби философиясы бойынша айқындау мәселелері» сынды тақырыптармен қоса түрлі секцияларға жіберілген ғылыми-зерттеу тақырыптарды қосқанда 40-қа жуық баяндаманы тыңдалды. Әрине, бұл Ұлы ойшылдың Ұлы түркі жұртына мұра ретінде қалдырған ескерткіш еңбектерінің құндылығында әрі маңыздылығында. «Біз үшін бұл мерейтойлардың маңызы ерекше. Тарихи датаны ақыл-парасатпен, салиқалы деңгейде өткізуге баса мән беру керек. Негізгі мақсат – ұлы тұлғалардың тағылымын жастардың санасына сіңіру, ұлы тұлғаның ой-толғамдарын кеңінен дәріптеу» деген мемлекет басшысының сөзі де ғұламаның тек ғылым үшін ғана емес, жалпы бүтін бір мемлекет үшін де, жалпы адамзат қауымы үшін да аса құнды тұлға болғандығын айғақтайды.

Сондықтан қымбатты оқырман, Сіздер де Фарабиді оқыңыздар!