«Әл-Фараби және Абай рухани мұрасы: әлемдік өркениеттегі орны мен маңызы»

24.02.2020

Көрулер: 2777

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология және әлем тілдері факультетінің қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы, Абай Институты 2020 жылдың 17 сәуірде өтетін қазақ және әлем әдебиетінің классигі Абай Құнанбавтың 175 жылдығына арналған «Әл-Фараби және Абай рухани мұрасы: әлемдік өркениеттегі орны мен маңызы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға шақырады.

Конференцияға жетекші абайтанушылар, жазушылар, ғылыми қызметкерлер, оқытушылар, ЖОО мен ҒЗЖ жас ғалымдар қатыса алады.

 

Конференция кезінде 3 секция жұмыс істейді:

1. Әл-Фараби – Абай танымдық үндестігі: әлемдік әдеби кеңістікте;

2. Абай поэзиясының көркемдік-эстетикалық әлемі;

3. Абай ілімі рухани жаңғырудың негізгі тірегі.

 

Конференция аясында «Шектеусіз білім мәдениетін қолдаудағы университеттердің Еуразиялық желісін» құру мақсатында ЖОО басшыларының халықаралық кездесуі өтеді.

Баяндамалар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің бірінде болуы тиіс.

Мәтін компьютерде теріліп, төмендегідей техникалық шарттарға сай келуі керек:

Көлемі 5 бетке дейін болып, баяндама – Tіmes New Roman, 14 кегль шрифтерімен, әр жолдың арасы бір интервалдан терілуі шарт. Мақала беттерінің өлшемдері: үсті – 2 см, асты – 2 см, оң жағы – 2 см, сол жағы – 2 см.

Мәтін редакцияланып, электронды нұсқасы Word форматында сақталуы керек. Баяндаманың жоғарғы оң жағында автордың аты-жөні, жұмыс орны мен қызметі, ғылыми дәрежесі, мәтіннің ортасында баяндаманың атауы көрсетілуі керек. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі сілтеме реті бойынша баяндаманың соңында келтіріледі. Конференция материалдары жинақ ретінде жарыққа шығады.

 

Алматыға келуге байланысты барлық шығындар баяндамашылардың өз есебінен болады.

 

Конференцияға қатысу үшін 2020 жылдың 15 наурызға дейін өтініш білдіріп, баяндаманы e-mail арқылы ұсыну керек.  

 

Конференцияға қатысу жайлы өтініште төмендегідей мәліметтер болуы тиіс:

Аты-жөні

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми атағы

Жұмыс орны мен қызметі

Баяндаманың атауы

Мекен-жайы, телефоны, e-maіl

 

Конференцияға қатысу жайлы өтініш пен баяндаманы төмендегі мекен-жай бойынша жіберіңіздер: 050040, Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы.

Телефон: +7 (727) 377 33 33 (ішкі 13-30), е-mail: kazlit19@gmail.com