Introduction to High Energy and Accelerator Physics

23.08.2019

Көрулер: 2077

25 по31 тамыз ҚазҰУ-дың базасында. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, ХҒТО, ОИЯИ, эксперименттік және теориялық физика ғылыми-зерттеу институты, Ашық үлгідегі ұлттық нанотехнологиялық зертхана, сондай-ақ қазақстандық физикалық қоғамның қолдауымен "Introduction to High Energy and Accelerator Physics"жоғары энергия физикасы мен жылдамдату техникасы бойынша кезекті жазғы мектеп өтеді. Іс-шара Қазақстан мен ЦЕРН арасындағы ғылыми ынтымақтастық туралы халықаралық келісім аясында өтеді.

Биылғы жылы Халықаралық жазғы мектеп жұмысына Ресей Федерациясы, Қазақстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы атынан 60-тан астам жас ғалымдар қатысатындығын растады. Дәріс оқу үшін ЦЕРН мамандары ғана емес, сонымен қатар АҚШ, Жапония, Португалия, Германия, Швейцария, Ресей елдерінің жетекші шетелдік ғалымдары да шақырылды. 

 
Шараның өтетін күні мен уақыты: 26 тамыз, сағат 9:30-да, ҚазҰУ-дың Әл-Фараби кітапханасында, 416 аудиториясы

www.kaznu.kz