Оқиғалар мен анонстар

Ономастика – Қоғам – Уақыт

03.04.2019

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 85-жылдығына орай, Қазақстан Республикасының Президенті ұсынған Рухани жаңғыру және Ұлы даланың жеті қыры бағдарламалары аясында өтетін «Ономастика – Қоғам – Уақыт» атты Халықаралық ғылыми-танымдық конференциясына магистранттар, студенттер мен оқушыларды қатысуға шақырамыз.

Ары қарай оқу >>

Алматыда "Сарбаз" ІІІ әскери-патриоттық ойыны басталады

03.04.2019

"Рухани жаңғыру" ұлттық бағдарламасына сәйкес студент және мектеп жастарында қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу мақсатында, Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңіс Күні қарсаңында, әскери қызмет пен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің беделін арттыру мақсатында, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әскери кафедрасы, Алматы қаласы білім басқармасының келісімі бойынша 2019 жылы 12 сәуірде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ректорының кубогына ІІІ "Сарбаз" әскери-патриоттық ойыны өткізіледі.

Ары қарай оқу >>

«Бір белдеу - бір жол»

02.04.2019

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Қазіргі заманғы Қытайды зерттеу орталығы» мен Ухань университетінің «Қазіргі заманғы Қытайды зерттеу орталығы» 2016 жылы қол қойған ынтымақтастық келісімшарты негізінде, 2019 жылдың 3-4 мамыр күндері Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Бір белдеу - бір жол» және «Нұрлы жол» жобаларының концепциясы мен практикасы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

Ары қарай оқу >>

Халықаралық шәкіртақы "БОЛАШАҚ"»

01.04.2019

Халықаралық ынтымақтастық департаменті жетекші шетелдік жоғары оқу орындары базасында, сондай-ақ танылған әлемдік, өңірлік ғылыми-зерттеу орталықтары мен салалық ұйымдарда ақпараттық (кибер) қауіпсіздік бойынша тағылымдамадан өту үшін "Болашақ" стипендиясын алуға арналған конкурстың ашылғаны туралы хабарлайды.

Ары қарай оқу >>

«Журнал Клубының» Ғылыми үйірмесінің жиналысы

29.03.2019

2019 жылы 30 наурызда (сенбі) сағат 11.00-де Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Медицина және денсаулық факультетінің 1 қабатындағы мәжіліс залында «Журнал клубы» ғылыми үйірмесінің тоғызыншы отырысы өтеді.

Ары қарай оқу >>

VI Халықаралық Фараби оқулары

28.03.2019

2019 жылы 2-12 сәуір аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да VI халықаралық Фараби оқулары өтеді. Алдыңғы қатарлы қазақстандық университетте жыл сайын ауқымды іс-шара өткізу жақсы дәстүрге айналды. Алты жыл ішінде Фараби оқулары ғылыми қоғамдастық пен әлемдік жоғары оқу орындары арасында танымал болып, халықаралық деңгейде аса белгілі болды.

Ары қарай оқу >>

Шығыстану мамандығы бойынша Республикалық олимпиада

27.03.2019

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шығыстану факультетінің ұйымдастыруымен 2019 жылдың 28-29 наурыз күндері еліміздегі жоғары оқу орындары арасындағы «Шығыстану» мамандығы бойынша Республикалық олимпиада өтеді.

Ары қарай оқу >>

Пәндік олимпиада

27.03.2019

28 наурызда химия және химиялық технология факультетінде «5В060600 - Химия», «5В072000 - Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы», «5В072100 - Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандықтары бойынша Республикалық пәндік олимпиада өтеді.

Ары қарай оқу >>

«Respiratory Junction Almaty: Where East meets West»

18.03.2019

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің медицина және денсаулық сақтау факультеті сіздерді «Respiratory Junction Almaty: Where East meets West» атты халықаралық конференцияға қатысуға шақырады. 

Ары қарай оқу >>