Мониторинг жүйесі бойынша шеберлік сағаты өтеді

18.03.2019

Көрулер: 2011

ҚазҰУ-дың жағдаяттық басқару орталығы 19 наурызда өтетін «Әлемдік деңгейдегі университеттердің білім беру сапасына баға беру және мониторинг жүйесі» атты халықаралық шеберлік сағатына шақырады.

Шеберлік сағатта мамандар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (Қазақстан Республикасы) мен Цукуба Университеті (Жапония) арасында ақпараттық-аналитикалық рәсімдер мен үрдістерді қолдау ортасында болжау және университеттік ортада басқару жағдайларын модельдеу сияқты тәжірибелермен алмасады.

Шығармашылық шешімді талқылау және іздеу мынадай мәселелер бойынша қарастырылады:

Цифрлық трансформацияның жетістігі әлемдік деңгейдегі университетті дамыту факторы ретінде;

Қазіргі заманғы байланыс құралдары, интерактивті жинау және ағымдағы қызметті бақылау үшін ақпараттарды талдау;

Оқу жүйесінде бейне бақылау қызметі;

Келешекте студент қатысуының бақылау жүйесін енгізу.

Өтетін орны және уақыты: 19 наурыз, жағдаяттық басқару орталығы, ректорат ғимараты, сағ12:00

www.kaznu.kz