Оқиғалар мен анонстар

«Жасыл желекті - Қазақстан»

11.10.2019

«Жасыл көпір ұрпақтан - ұрпаққа» жобасы аясында «Жасыл желекті - Қазақстан» атты ұранмен Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасы, «Байтақ болашақ» Республикалық экологиялық қоғамдық бірлестігі және АҚ «Атакент» ұйымдастыруымен Атакент саябағында экологтар флешмоб өткізеді және 100 түп ағаш отырғызылады. Барлықтарыңызды аталмыш іс-шараға шақырамыз!

Ары қарай оқу >>

Арнайы хабарлама

27.09.2019

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті - 2020 жылғы 27-28 ақпанда Куала-Лумпурде (Малайзия) өтетін биоэнергия және биотехнология бойынша V халықаралық конференцияның тең ұйымдастырушысы. Бірлескен ұйымдастырушылар ретінде ҚазҰУ оқытушылары мен студенттеріне арнайы жеңілдіктер мен ішінара шәкіртақы ұсынылады.

Ары қарай оқу >>

Жаздық жапон тілі мектебі

26.09.2019

Шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасында 27 мамырдан бастап мектеп оқушыларына және студенттерге арналған жаздық жапон тілі мектебі өз жұмысын бастады.

Ары қарай оқу >>

«Дүниежүзілік жүрек күні»

25.09.2019

26 қыркүйекте ҚазҰУ-дың медицина және денсаулық сақтау факультетінің жоғары медицина мектебі, кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты «Дүниежүзілік жүрек күнін» өткізеді.

Ары қарай оқу >>

Байқау!

23.09.2019

«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны келесі бос жұмыс орнына байқау жарияланғанын хабарлайды:

Ары қарай оқу >>

«Кәкімжан Қазыбаев – қайраткер, қаламгер, азамат»

19.09.2019

21 қыркүйекте ҚазҰУ-да қоғам және мемлекет қайраткері, жазушы-журналист, редактор Кәкімжан  Қазыбаевтың туғанына 90 жыл толуына арналған «Кәкімжан Қазыбаев – қайраткер, қаламгер, азамат» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

Ары қарай оқу >>

Дэн Дэвидсон лекциясы

12.09.2019

Жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасы Cіздерді 6-21 қыркүйек аралығында шетелдік профессор PhD Dr. Dan Davidson (Washington DС) Director, American Councils Research Center лекциясына қатысуға шақырамыз. Лекция филология және әлем тілдері факультетінде, 322 аудиторияда өтілуде.

Ары қарай оқу >>

Математикалық талдау бойынша курстар

12.09.2019

ҚазҰУ-дың open.kaznu.kz - МООК ашық онлайн-курстарының білім беру платформасында «Математический анализ 2» және «Математикалық талдау 2» онлайн-курстары ашылды. Олар интегралдарға, өріс теориясына және дифференциалдық есептеу негіздеріне арналған. Математикалық талдау - техникалық мамандықтардың негізгі пәндерінің бірі, сондықтан бұл курс осы қиын пәннің барлық ерекшеліктерін түсінуге көмектеседі.

Ары қарай оқу >>