Жаздық жапон тілі мектебі

26.09.2019

Көрулер: 2059

Шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасында 27 мамырдан бастап мектеп оқушыларына және студенттерге арналған жаздық жапон тілі мектебі өз жұмысын бастады.

Қатысушыларға жапон тілінде жазу , бастапқы деңгейдегі сөйлеу үйретіледі. Сонымен қатар, жапон мәдениетімен таныстыру сабақтары ( оригами,каллиграфия, тамақ дайындау, жапон ұлттық киімдерін кию, жапон тілінде аниме, мангамен танысу) өткізіледі. Курс соңында  өткен тақырыптар бойынша емтихан өткізіліп, соның нәтижесі бойынша сертификат беріледі.

 

www.kaznu.kz