Арнайы хабарлама

27.09.2019

Көрулер: 2152

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті - 2020 жылғы 27-28 ақпанда Куала-Лумпурде (Малайзия) өтетін биоэнергия және биотехнология бойынша V халықаралық конференцияның тең ұйымдастырушысы. Бірлескен ұйымдастырушылар ретінде ҚазҰУ оқытушылары мен студенттеріне арнайы жеңілдіктер мен ішінара шәкіртақы ұсынылады.

Университеттен қатысушылар үшін тіркеу жарнасына 30% дейін жеңілдіктер қарастырылған.

Студенттер - 30%                          

Магистранттар - 30%

Ph.D докторанттар - 25%

Делегаттар - 20%

"TIIKM стипендиясы бағдарламасының" арқасында студенттер (бакалавриат және магистранттар) абстрактінің сапасына сәйкес шәкіртақы ала алады.

Іріктелген студенттер осы шәкіртақыны алады.

Сондай-ақ, университет өкілдері келесі мүмкіндіктерге ие болады:

- SCOPUS индекстелген журналдарына жариялау

- Конференцияның ғылыми Комитетінің мүшесі ретінде сөз сөйлеу

- Сессияда сессия төрағасы немесе бағалау комиссиясының мүшесі ретінде қатысу және сөз сөйлеу.

Конференцияға қатысты сұрақтарыңыз болса, профессор Равиля Алыбаевамен (raya_aa@mail.ru) немесе Сурадж Тхарака мырзамен (suraj.tiikm@gmail.com) хабарласыңыз.

 

Конференция website: https://bioscienceconference.com/