“ENGLISH DRAMA” клубы

ENGLISH DRAMA КЛУБЫ

“ENGLISH DRAMA” клубының жетекшілері шетел филологиясы және жалпы тіл білімі кафедрасының аға оқытушыларыА.К. Валиева және Т.П. Колесникова.

Клуб 2012 жылдың қыркүйек айынан өз жұмысын бастады. Клубқа «Шет тілі: екі шет тілі» және «Шетел филологиясы» мамандықтарының 1 және 2 курс студенттері мүше болды, жалпы саны – 33 студент.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті шетел филологиясы және жалпы тіл білімі кафедрасының “ENGLISH DRAMA” студенттік клубы әрбір студенттің шығармашылық қабілетін дамыту мен жан-жақты дамыған жеке тұлғаның қалыптасуына бағытталған. Шығармашылық қабілеттерімен қатар, ұқыптылық, аңғарғыштық, жауапкершілік, мақсаткерлік, төзімділік және өз-өзіне сенімділік секілді жеке тұлғаға қажетті қасиеттердің дамуына септігін тигізеді. Клубтың мәжілістерінде студенттер өзін көрсетуге, келешекте шығармашылықта немесе өмірдің кез келген саласында өз орнын табуға қажетті өзінің дарынын анықтау мен дамытуға мүмкіндігі бар.

“ENGLISH DRAMA” клубының аясында 2012-2013тоқу жылы бойында бірнеше театрландырылған қойылымдар факультет деңгейінде қойылды:

1. “Alice in Wonderland” – 06.12.12

2. «Three little women» – 06.12.12

3. «Я маленькая госпожа» – 26.04.13.

4. «Cinderalla» – 26.04.13

5. «Mama Mia» – 26.04.13.