«Жайнай бер, ҚазҰУ-ым!»

31.10.2018

Көрулер: 2463

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының ауғанстандық тыңдаушыларына, «Парасат» әдеби үйірмесінің мүшелеріне (жетекшілері: Нұрсұлу Мәтбек, Салтанат Нусупбаева) ҚазҰУ қалашығына танымдық-саяхат сабағын ұйымдастырылды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ‒ Қазақстан Республикасының үздік, жетекші жоғары оқу орындарының бірі. Қазақ ұлттық университетінің негізі 1934 жылы 15 қаңтарда қаланған.

ҚазҰУ-дың студенттер қалашығы ‒ 15 студенттер үйінен тұрады. Студенттерге білім алуға барлық жағдайлар жасалған. Таңдаулы спорт кешені спорттың көптеген түрлерімен айналысуға мүмкіндік береді. Студенттер сарайында мәдени іс-шаралар өткізіліп тұрады. Студенттер өз университетін ерекше мақтан тұтады.