Жанға шуақ сыйлаған концерт

15.11.2018

Көрулер: 1831

2018 жылы 15 қарашада Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Студенттер сарайында «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында Халықаралық студенттер күніне арналған «Жан жылуы» атты концерт болып өтті. Концертті тамашалауға университет студенттері мен оқытушылары, жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының тыңдаушылары, «Парасат» үйірмесінің мүшелері мен жетекшілері Н.Мәтбек, Салтанат Нусупбаева да қатысты. Ән кешінде ҚазҰУ ректоры Ғ.Мұтановтың сөзіне жазылған әндерді атақты өнер қайраткерлері, танымал әншілер және өнерпаз студенттер орындады. Концерт, шынында да, көрермендері мен тыңдармандарға жан жылуын сыйлады.