Мәуліт ‒ имандылық мерекесі

15.11.2018

Көрулер: 1995

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының ауғанстандық тыңдаушылары, «Парасат» әдеби үйірмесінің мүшелері мен студенттер, жетекшісі Н.Мәтбек Алматы қаласындағы Республика сарайына дәстүрлі «Тәлімгер Пайғамбар тағылымы» атты рухани кешті тамашалауға барды. Мәуліт мерекесіне арналған кештегі тәлім мен тәрбиеге толы өлеңдер мен қойылымдар Ауғанстан Ислам Республикасынан келген тыңдаушыларды ерекше әсерге бөледі. Тәуелсіз Қазақстан халқының татулығы мен бірлігін сақтауда, жастарды имандылыққа, жақсы мінез-құлыққа тәрбиелеуде мұндай шаралардың септігі мол.