Есік көліне саяхат

25-қаз-18

Көрулер: 2293

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ЖОО дейінгі білім беру факультеті Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының ауғанстандық тыңдаушылары кураторлары Г.Тастемирова, Н.Мәтбек, Г.Тилеужанова, Г.Сапаевалармен бірге Алматы қаласының шығыс жағында 70 шақырым жерде тау шатқалында орналасқан әсем Есік көліне саяхатқа барды. Көлді биік шыңдар, қалың орман қоршап тұр.

Тыңдаушылар таудың таза ауасымен демалып, көл бетінде қайықпен серуендеді. Тамаша табиғат аясында естелік суреттерге түсті. Шетелдік тыңдаушылар саяхат барысында бос уақыттарын көңілді өткізді.