Медеу мұзайдынына саяхат

13-қаз-18

Көрулер: 2013

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ЖОО дейінгі білім беру факультеті Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының Қазақстанға жуырда келген ауғанстандық тыңдаушыларын кураторлары Г.Тастемирова, Н.Мәтбек, Г. Тилеужанова, Г.Сапаевалар әсем қала ‒ Алматының мәдени орындарымен таныстыру мақсатында Медеу спорт кешеніне саяхатқа барды. Тыңдаушылар Медеу мұз айдынында көптеген спорт түрлерінен халықаралық жарыстар өткізілетіндігі туралы хабардар болды. Сонымен қатар Медеу ‒ қала қонақтары мен тұрғындарының демалыс орны. Тыңдаушыларға тау шатқалында орналасқан Медеудің әсем табиғаты өте ұнады.