«Еңбек пен бақыт егіз»

6-қаз-18

Көрулер: 2024

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ЖОО дейінгі дайындық факультеті жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының ауғанстандық тыңдаушылары мен кураторлары Г.Тастемирова, Н.Мәтбек, Г. Тилеужанова, Г.Сапаевалар университеттік сенбілікке қатысып, оқу ғимаратының ауласын тазалады.

Шетелдік тыңдаушыларға тазалық сақтаудың адам денсаулығы мен қала көркін, экологиясын жақсартуға ықпал ететіндігі түсіндірілді. «Еңбек пен бақыт егіз» дегендей, ерінбей, жалықпай еңбек еткен адамның бақытқа қол жеткізетіні туралы айтылды. Дәрісханадан тыс мұндай іс-шаралардың шетелдік тыңдаушылардың бір-бірімен жете танысуларына, достаса білуге ықпалын жоққа шығаруға болмас.