«Ұстаз – ұрпақ мақтанышы»

5-қаз-18

Көрулер: 2303

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ЖОО дейінгі білім беру факультеті жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасы «Парасат» әдеби клубының мүшелері мен жетекшісі Нұрсұлу Мәтбек қазан айының басында ұстаздар мерекесін атап өтті. Қай ел болса да жас жеткіншіктер ұстаз тәрбиесін көреді, ұстаздан әдеп, білім, өнер, тәрбие алады. Сондықтан барлық адам ұстазды құрмет тұтады.

«Ұстаз деген ‒ жарық күні ғаламның, Ұстаз деген ‒ анасы ол адамның...»

Қазақстанға келгендеріне көп уақыт болмаса да, әзірге қазақ тілін көп үйрене қоймаса да, шәкірттердің ілтипатына ұстазы ризашылық білдірді.