«Күш ‒ білімде, білім − кітапта»

27-қыр-18

Көрулер: 2374

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті әлемнің жүзден аса елімен білім саласында қарым-қатынас жасап, халықаралық байланысын жетілдіріп келеді. Ауғанстандық тыңдаушылар білім алып жүрген жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті 2011 жылы бұрынғы 1985 жылы ашылған шетелдіктерге арналған дайындық факультетінің негізінде құрылған. Факультетте 5000-нан астам шетелдік тыңдаушы білім алған.

2018-2019 оқу жылына ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасына қабылданған ауғанстандық 2-топ тыңдаушыларының кураторы Нұрсұлу Мәтбек алғашқы күндерінің бірінде факультет ғимаратымен, дәрісханалармен және кітапханамен таныстырды. Оқу ғимаратында мәдени шаралар өткізуге арналған арнайы акт залы және асхана, деканат пен оқытушыларға арналған кафедралар бар.