Қазақ тілі және мәдениеті орталығының 15 жылдығы

16.11.2018

Көрулер: 2021

2018 жыл - ТМД қатысушы-мемлекеттерінің тілі мен мәдениеті бойынша базалық ұйым болып табылатын Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университеті мен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті арасындағы ынтымақтастықты дамыту тарихындағы ерекше елеулі кезең болды.

16 карашада Мәскеу мемлекеттік линвистикалық университеті қабырғасында казақ тілі мен мәдениеті Орталығының 15 жылдығына арналған «Ресей мен Қазақстан өзара әрекеттестік: ғылым, білім мен дипломатия» атты халықаралық дөнгелек үстел өтті. ММЛУ-де қазақ тілі мен мәдениеті Орталығы 2003 жылы Ресейдегі Қазақстан жылы аясында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың, Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының елшілігі мен әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің белсенді көмегі арқасында ашылды.