Болашаққа бағдар!
16.04.2020Мемлекетіміздің тұңғыш президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбындағы мақаласы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы : Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталатын Жолдауында елді рухани жаңғырту мәселелері қозғалады.Қазіргі кезде капиталистік мемлекеттер ерекше қарқында даму үстінде,бұл бір жағынан жақсы болса да,екінші жағынан ішкі құндылық-рухани дамуды ұмытып жатыр. Сондықтан көреген елбасы осы олқылықтарды толтыру мақсатында рухани байлығымызды байыта отырып жаңғырту қажет екендігін атап көрсетті.Елбасы айтқандай,ұлттық салт-дәстүріміз,әдет-ғұрыптарымыз,тіліміз бен музыкамыз,әдебиеттеріміз ешқашан ұмытылмау керек.Ұлттық құндылықтардың бәрі жас ұрпаққа отбасынан, мектептен,бала-бақшадан берілері анық.Сондықтан ата-ана ,ұстаздар ұлттық тәрбиені бірінші кезекке қойғаны дұрыс. Осы Елбасымыздың Жолдауын орындау мақсатында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде көптеген жұмыстар жүргізілді.






