Компьютер кластары



Компьютер кластарының жетекші маманы Сейтова Г.А. және маман Зейнеғабылов Е.Е.


Экономика және бизнес жоғары мектебінде 8 компьютер кластары, интерактивті дисплей және подиум орнатылған 2 кабинет бар. Ұжымды жетекші маман Сейтова Гульзабия Асилханқызы басқарады. Ұжымның атқаратын қызметі: компьютер кластарында өтілетін сабақтар барысында техника қауіпсіздігі ережесінің сақталуын қадағалау, компьютерлердің жұмысқа жарамдылығын бақылау, программаларды орнату, оргтехникаларды қолдана білу және т.б. Компьютер класының мамандары студенттерге және факультет қызметкерлеріне компьютерлік техникалар және программалар жөнінде консультация бере алады, компьютер құрылғыларының жұмысқа жарамдылығын қадағалап отырады және факультетте іс-шараларды өткізуде техникалық көмек көрсетеді. 2005-2014 жж. компьютер класының мамандары Экономика және бизнес жоғары мектебінің Қабылдау комиссиясында техникалық хатшы қызметін атқарды. "Техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерін сақтау" конкурсы бойынша компьютер класының мамандары университетте 1-орынды иеленді. Компьютер класының мамандары факультет жұмыстарына белсене араласады.

Сабақ кестесі Жетістіктер Пікірлер Фотосурет топтамасы