Жетістіктер

«Талапкер - 2010» құжат қабылдау комиссиясында жоғары көрсеткіштерімен көзге түскені үшін қабылдау комиссиясының жауапты хатшысының орынбасары Алпысбаева Д.Е. экономика және бизнес жоғары мектебінің компьютер класының мамандарын университет басшылығы тарапынан алғыс хатпен марапаттады.


8-наурыз Халықаралық әйелдер мейрамы қарсаңында «Қаржы» кафедрасының аға лаборанты Н.Ж. Басканбаева мен компьютер кластарының жетекші маманы С.М.Турекуловаға университет ұжымы атынан Алғыс хат жарияланды.

Экономика және бизнес жоғары мектебінің компьютер класының мамандары ҚазҰУ-нің профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлері және докторанттары арасында өткен дәстүрлі 39-шы «Денсаулық» спартакиадасы бағдарламасында «Мини-футбол», «Волейбол» және «Қол теннисі» спорттық ойындарына белсене қатысқаны үшін мадақтама қағаздарымен марапатталды.