Пікірлер

Қымбатты компьютер сыныптарының мамандары!

Ең алдымен, сіздерге үлкен шәкірттік алғысымды білдіргім келеді. Сіздердің еңбектеріңіз, шыдамдылық пен табандылықтарыңыз үшін мың алғыс.Сіздерге шын жүректен зор денсаулық, өмірде үлкен бақыт, шығармашылық табыстар мен жетістіктер тілеймін. Әрбір атқан таң сіздерге қуаныш пен шаттық ала келсін. Сіздер үлкен жұмыс атқарып жүрсіздер. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің экономика және бизнес факультетінің барлық компьютерлік сыныптарын айнадай тап-таза, орнықты түгел басқарып жүрсізде.

Ізгі тілекпен: «Есеп және аудит» УиА09К2 тобының студенті АйсұлуТилеубергенова

15.11.2010ж Қымбатты компьютерсыныптарыныңмамандары!



Мен Ибраев Алибек, маркетинг мамандығының магистранты және ҚазҰУ-нің түлегі сіздерге шын жүректен алғысымды білдіремін. Оқу барысында бізге деген ықыластарыңыз өзгеше болатын. Әрқашан бізді қуана қарсы алып, компьютерде кеңінен жұмыс жасауымызға жағдай жасадыңыздар. Сол себепті көңіл-күйлеріңіз жақсы болсын, әрдайым жайнап-жарқырап жүре беріңіздер. Маркетинг мамандығының2курс магистранты Алибек Ибраев

26.11.10ж
Құрметті компьютерсыныптарыныңмамандары!
Сіздерге үлкен алғысымды білдіремін. Сіздердің арқаларыңызда компьютер сыныптарында тәртіп ережесі сақталып, көпшілік қауымға сіздердің көмектеріңіз тиюде. Сіздерге шығармашылық табыс және биік жетістіктер тілеймін. Дендеріңіз сау, отбасыларыңыз аман және көңіл-күйлеріңіз әрдайым көтеріңкі болсын деймін.Ізгі ниетпен
«Макро-микроэкономика» кафедрасының оқытушысы Д.Р.Тураров




Қараша айының 4,11 жұлдыздарында МБА бағдарламасына сәйкес компьютер кластарында кешкі уақыттарда(18.40-21.30)сабақ өткіздім. Сабақтың кешкі уақытта өтуіне қарамастан компьютер сыныбы мамандары Excel-дің «Поиск решения» қондырмасын жұмысқа қосып, магистранттарға модельдік эксперименттер жүргізуіне жағдай жасады, себебі магистранттар банк және қаржы жүйелерінде жұмыс істей жүріп оқып жүргендер болатын. Осы циклдің жұмысы жақсы өтуі себепті алдағы циклдегі желтоқсан айының 1,8,15 жұлдыздарында болатын магистранттардың сабағын да «Макро-микроэкономика» кафедрасы компьютер сыныптарында өткізуге шешім қабылдады.Компьютер сыныптарының мамандарына МБА магистрлері компьютерлік қызметтері үшін алғыстарын білдіреді.
«Макро-микроэкономика» кафедрасының д.ф-м.н., профессоры С.С.Оспанов

30.12.2010 ж.



Жаңа Жылға жаңа тілек! Қымбатты компьютерлік сынып ұжымы!
Сіздерді келе жатқан жаңа жылдарыңызбен құттықтай отырып, шын жүрекпен сіздерге алғыс айтқым келіп отыр. Сіздердің бізге, студенттерге деген сыйластықтарыңыз, қолдауларыңыз әрі ұстаз, әрі дос ретінде әрқашанда есімізде ерекше орын аласыздар. Біз сіздерді үлгі тұтамыз. Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, мол бақыт және жұмыстарыңызға табыс тілеймін. Келе жатқан жаңа 2011 қоян жылы сіздер мен біздерге құт-береке, ырыс пен табыс әкелсін!
С. Б.Досматовмемлекеттік және жергілікті жерді басқару мамандығының 2-курс студенті

Құрметті компьютерлік сынып қызметкерлері!

Баршаңызды 8-наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз. Отбасыларыңызға ынтымақ, зор байлық, ұзақ ғұмыр, бақыт пен шаттық тілейміз. Білікті мамандар даярлау үдерісіне қосып жүрген үлестеріңіз ақтала берсін, еңбектеріңіз табысты болсын. Өздеріңіз әрқашан көркем, сұлу, әдемі көрініп, көктемдей құлпырып жүре беріңіздер.
Ақпараттық технологиялар пәнінің оқытушылары: Ж.Балдыбек, Б.Қ. Әбенов,Б. С. Омаров, А.К. Тулепбергенов.

07.03.2012 ж.

Құрметті компьютерлік сынып қызметкерлері!

Сіздерді 8-наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз. Шәкірттеріңіз биіктерден көрініп, еңбектеріңіз ақтала берсін. Отбасыларыңызға амандық, жұмыстарыңызға табыс тілейміз.

Ізгі ниетпен: ЭжБЖМ-нің белсенді студенттері.

07.03.2013 ж.