Осы жылдың 22-23 желтоқсанында Құрлық әскерлері Әскери институтының базасында Қазақстан Республикасының Қарулық Күштерінің әскери ғылым және білім Департаменті Жоғарғы оқу орындарының әскери кафедрасының басшыларымен жиын өткізді.

24.12.2011

Көрулер: 7497

Жиын қатысушылар 22 желтоқсанда әл-Фараби атындағы ҚҰУ-нің әскери кафедрасына келіпқайтты. Олар әскери кафедрасының құрал-техникасы базасымен, интерактивтік лазерлі тирмен, мотоатқыш әскери жаттығу-машықтандыру полигонымен, Қазақстан Қарулы Күштерінің Құрлықтағы әскердің әуе шабулына қарсы қорғаныс әскерлерінің қарулары мен техникасына жабдықтаған аудиториясымен, электронды және оқу кітапханасымен қызығып танысты.

әл-Фараби атындағы ҚҰУ-нің әскери кафедрасының компьтер сыныптарын аралаған кезде жиын қатысушылар арсында басшылық құжаттардың бiлiмі бойынша тест жүргізілді жәнеде интерактивті лазерлық тирда АК-74тен бақылау жаттығулары өтті.

Жиын қортындысы өткізу кезінде ғылым және әскери білім Департаменті бастығының орынбасары полковник Тауекелов Г.С. әл-Фараби атындағы ҚҰУ-нің әскери кафедрасының басшылығын және бүкіл қызметкерлерін оқу-материалдық базасын құрып жетілдірген жұмысын белсене атқарғанын атап өтті.