Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әскери кафедра студенттері Үндістанда сафариде

24.11.2018

Көрулер: 3968

2018 жылдың  12-ші 23-ші қараша аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті әскери кафедрасының студенттері Үндістан Республикасының Ұлттық Кадет Корпусының жылсайын өткізетін сафариға қатысты.

Біздің студенттер Үндістанның көз тартатын бес қаласымен танысты, Үндістан Республикасының Ұлттық Кадет Корпусының кадеттерімен біріккен сабақтарға қатысты. Скабақтарда Қазақстан-студенттері дене-шынықтыру дайындығынан жоғарғы деңгейін, саптық жинақылығын, тәртіптігін көрсетті.

Сафари өту кезінде студент Абылайхан Омірбаев  Бірінші "Евразия" каналына Үндістан Республикасының Ұлттық Кадет Корпусы туралы репортаж түсірді.

Делегацияның сапары Дели қаласында Үндістан Республикасының Ұлттық Кадет Корпусының бастығының салтанатты қабылдауымен аяқталды.