«Мен өз елімнің патриотымын»

15.12.2017

Көрулер: 4492

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін мерекелеу қарсаңында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті әскери кафедрасының студенттері Сара Алпысқызы Назарбаеваның бастамасымен құрылған «Бөбек» Ұлттық орталығының «Өзін-өзі тану» атты гимназиясына барып қайтты.

Кафедра студенттері жастарды патриоттыққа тәрбиелеу шеңберінде «Өзін-өзі тану» гимназиясының жоғары сынып оқушыларымен «Мен өз елімнің патриотымын» тақырыбында лекториялар дайындап, өткізді.

Мектеп оқушыларының тарапынан әскери өмірдің тыныс-тіршілігіне қатысты көптеген сұрақтар қойылды. Оқушылардың басым бөлігі әскери адам болуға қызығатындықтарын және болашақта отан қорғаушы қызметіне барғысы келетіндіктерін айтты. Жастардың бойындағы патриоттық сезімді арттыру үшін ұйымдастырылған іс-шараға мектеп мұғалімдері де өз көзқарастарын айтып, студенттерге алғыстарын білдірді. «Білім ордасының қара шаңырағы саналатын Қазақ ұлттық университетінде білім алу кез келген жастың арманы, сондықтан біздің оқушыларымыз да осы білім ордасының студенттерімен кездесуді асыға күтеді», – деді «Өзін-өзі тану» мектеп-гимназиясы директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Григорева Ирина Анатольевна.

Мектеп-гимназиясының тарапынан біздің студенттерімізге тарту ретінде «Планетарий» деп аталатын аспан денелері мен жұлдыздарды тану ғылыми үйі көрсетілді.  

Тәуелсіз мемлекеттің болашағы жастар десек, олардың Отанын, елін, жерін сүйіп өсуі және оларды осы бағытта тәрбиелеу үшін жасалған екіжақты ынтымақтастық келешекте бұдан да жоғары жетістіктерге қол жеткізетіндігіне сеніміміз мол.