Үндістан кадеттері ҚазҰУ-да

29.05.2017

Көрулер: 3697

2017 жылдың 20 мамыры мен 24 мамыр аралығында Әл-фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әскери кафедрасына Үндістан Республикасының Ұлттық Кадеттер Корпусының кадеттер делегациясы келіп кетті. Бұл сапар ынтымақтастық туралы Меморандум арқасында жүзеге асырылды.

ҚазҰУ әскери кафедрасының бастығы полковник О. Әжімов ЖОО-ның әскери кафедраларындағы студенттердің дайындығы туралы танысу дәрісін оқып, кадеттерді елдің көне ЖОО әскери кафедрасының тарихымен таныстырды. Делегация мүшелері кафедраның оқу-материалдық базасын қарап, әскери-патриоттық тәрбие кабинетімен және Қазақстанның халық батырлары Бауыржан Момышұлы мен Сағадат Нұрмағамбетовтың атындағы дәрісханаларымен танысты. ЖҰМ-2, ЖЗРК оқу-жаттығу құрылғыларындағы, интерактивті лазер тиріндегі, тактикалық дайындық, әскери топография және әскери тарих бойынша оқу дәрісханаларындағы сабақтар ұйымдастырылып өткізілді.

«Бөбек» Ұлттық орталығына сараплары кадеттер үшін есте қалатын жарқын оқиға болары сөзсіз. Орталықтың Бас директоры Е.Н. Сакенова үнді делегациясына «Бөбек» орталығының барлық маңызды объектілерін көрсетіп, кадеттер мен оқушылармен өзін өзі тану сабағын өткізді. кадеттер «Бөбек» орталығының обсерваториясында астрономия жөніндегі дәрісті үлкен қызығушылықпен тындап, ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстарға қатысты. Сонымен қатар, кадеттер Орталық мемлекеттік мұражайына, Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті атындағы саябағына, 28 Панфиловшы қаһармандары атындағы саябағына барып, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік монументі мен Махатма Ганди ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Кездесудің соңында полковник Олег Әжімов өткен кездесудің қорытындысын жасап, келешекте баянды ынтымақтастықтың одан ары қарқынды дамитынына сенімділігін білдірді. Үндістан делегациясының әрбір мүшесіне Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары бейнеленген, ҚазҰУ логотипімен естелік сыйлықтар тапсырылды.