«Болашақ Отан қорғаушысы»

25.04.2017

Көрулер: 3389

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25-жылдығы мерекесіне және Ұлы Жеңістің 72-ші жылдығына орай, жастардың патриоттық тәрбиелеуді күшейту  мақсатында, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әскери кафедрасы Алматы қаласының білім Басқармасымен бірлесіп Алматы қаласы оқушыларының арасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ректорының кубогына арналған "Болашақ Отан қорғаушысы" патриоттық ойынын өткізді.

Бұл шараға Алматы қаласының алты аудан мектебі мен гимназиялары, сонымен қатар әл-Фараби атындағы ҚазҰҮ бейінді мектебі және "Бөбек"ҰО "Өзін өзі тану" гимназиясы қатысты.

Ойын алдында оқушылар әскери кафедраның оқу-материалдық базасымен, әскери-патриоттық тәрбие орталығымен танысты, Қазақстанның халық қаһармандары С. Нұрмағамбетов және Б. Момышұлы туралы, университет пен әскери кафедраның тарихы туралы әңгімелерді тындады.

"Болашақ Отан қорғаушысы" ойны әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әскери кафедра бастығының полковник О.В. Әжімовтың құттықтау сөзінен  басталып,  Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимні орындалды.

Патриоттық ойындар саптық қарау, салтанатты шеру және өлеңмен өту, атыс дайындық бойынша нормативтерді орындау, кермеде күшті жаттығулар көрсету, Қазақстан тарихы мен қазақ мемлекеттілігі жөніндегі білімді тексеру тарихи викторинасы, өнерпаздық жарыста патриоттық өлеңдерді орындау, лазерлі интербелсенді тирде атысу сияқты жарыс түрлеріне бөлінді. Патриоттық ойынның кульминациясы ретінде әскерилендірілген эстафета өтті. Оқушылар, әрине жанкүйерлердің қолдауымен автоматты бөлшектеу мен қайта жинауына, қорғану құралдарын кию, төсекті жинау, жаға астарын әскери киімге тігу, әскери атақтарды, шендерді білу жарысына үлкен құмарпаздықпен қатысты. Әр жарыста қатысушылар өздерінің жақсы дайындықтарын және жеңіске жету ниеттерін көрсетті.

Ойынның қорытындысы бойынша "Өзін өзі тану" гимназиясы бірінші орын алып, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ректорының кубогымен марапатталды. Әр сайыста үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар грамота мен  бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Ойын аяқталған соң әскери кафедраның көркемөнерпаздар ұйымы күшімен шағын концерт көрсетілсе, далада жауынгерлік дәмді ботқа дайындалды.

Бұл шара жас балалардың патриоттық сезімдерін жоғарлатуға және армия қызметінің беделі мен мәртебесін көтеруге бағытталған.