«Мен Қазақстанның патриотымын!»
25.04.2018Еліміздің ең бірінші ханымы Сара Алпысқызы Назарбаеваның авторлығымен құрылған «Өзін-өзі тану» Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, алда келе жатқан Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай және оқушы жастарды патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында 2018 жылғы 24 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті әскери кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы «Бөбек» Ұлттық орталығының гимназиясында білім алып жатқан оқушылар үшін «Мен Қазақстанның патриотымын!» тақырыбында лектория өткізді.