#ҚайырымдыҚоғам челленджі

 

Әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университет, қара шаңырағымыз бастаған #ҚайырымдыҚоғам челленджін география, жерге орналастыру және кадастр кафедрамыздың аға оқытушысы Кожахметов Базаралы Тоxтаровичтің эдвайзерлік тобы «5В090700 -Кадастр» мамандығының 1 курс студенттері бастады. 2020 жылдың басында Алматы қаласының қабілеті төмен балаларына арналған №6 мектеп-интернатына барып концерттік іс-шараларын өткізіп, сыйлықтарымызды таратып қайтты.
География және табигатты пайдалану факультеттің аға эдвайзері Кожахметов Базаралы Тоxтарович «Әлемнің екінші ұстазы» атанған әл-Фараби бабамыз, ғұлама ғалым кезінде жауап беруге тырысқан – қайырымды қоғам, бақыт, адамның жетілуі туралы мәселелер қазіргі заман үшін де аса өзекті мәселе екенін насихаттап, аталған челленджді кафедраның барша студенттеріне жолдады.
#кафедрагеографииземлеустройстваикадастра_казну
#kaznu_geofac
#geozemkad_kaznu
#QaiyrymdyQogam
#AlFarabi1150

Publication date :  4/18/2020