Жасыл желек отырғызылды

Еліміздің көшбасшы университеті әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттер қалашығында көктем келіп, көк шыға көшеттерді отырғызу үдерісі жалғасын табуда. Табиғаты ерекше, жасыл аймақ саналатын қалашық атадан мал қалғанша, тал қалсын демекші, адамзат ғұмырындағы ең үлкен істердің бірі - жаңа жасыл көшеттермен толығып, көзтартарлық әсемде сұлу табиғат аясы одан әрі нұрланып, ажарлана түсуде. Бұл атқарылған игі істер – болашақ ұрпаққа, өзімізге және Табиғат анаға жасаған үлкен сый-құрмет болып табылады

Publication date :  5/10/2021