ҚазҰУ-да қазақ терминологиясының қалыптасуына тікелей атсалысқан ғалым Елдос Омарұлын еске алды

Қазақ тілін ғылыми бағытта ғана емес, өзге пәндердің де қазақшалануы мәселесін айтқанда терминолог, Алаш зиялысы Елдес Омарұлы тұратыны шындық. Осы орайда бірқатар ғалым-ұстаздар қоғам қайраткерін еске алды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Филология факультеті, А.Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасы ұжымының ұйымдастыруымен аса көрнекті ғалым, терминолог, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Елдес Омарұлының туғанына 130 жыл толуына арналған  "Елдес Омарұлының мұрасы: тілдік норма және қазақ емлесі" атты ғылыми-теориялық конференция өтті. 

Конференцияны А. Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасының  меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы  Салқынбай Анар Бекмырзақызы құттықтау сөздерімен ашып, өзінің  "Елдес Омарұлы және қазақ синтаксисі" тақырыбындағы тұшымды баяндамасын жасады. 

Сондай-ақ, шараға бірқатар ғалымдар мен ұстаздар қатысты. Олар да лингвист және математик Елдес Омарұлы жайлы қызық деректер мен баяндамаларын жасаған.

Елдес Омарұлы - көптеген оқулықтардың авторы. Атап айтқанда, математика, алгебра, физика, тригонометрия, геометрия оқулықтарын орыс тiлiнен, немiс тiлiнен аударып, өңдеп, өзi толықтырып отырды. Көптеген геометриялық терминдер, яғни, геометрия — пiшiндеме, теорема — түйiн, трапеция — қостабан және тағы басқалары ғалымның аудармасында мәндi де, мағыналы үйлесім тапқан. 

Publication date :  5/29/2023