Musical and educational evening on the topic «Қазақ руханиятының көсемі»

Қыркүйек айының 7-і күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті кітапханасының төрінде тілтанушы, зерттеуші, ғалым, алаш қайраткері Ақымет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай қазақ филологиясы 201-топтың ұйымдастыруымен «Қазақ руханиятының көсемі» атты әдеби-танымдық кеш өткізілді. Әуелі Алаш ардақтысы Ақымет Байтұрсынұлының өмірбаянына шолу жасалып, студенттер тың ақпараттар мен танымдық түсініктермен бөлісті. Ақымет Байтұрсынұлының шығармашылығы бойынша өлеңдер оқылып, сұрақ-жауап айдары жүргізілді. Алаш азаматының өмір жолынан композициялық көрініс көрсетілді. Бүгіншіл елінің ертеңі үшін ерінбеген ұлт ұстазының рухына тағзым ретінде топ студенттері Айгазинова Гаухар «Өлмейтіндер» әнін әуелете шырқап, Бектұрсын Айдос күмбірлете күй тарту етті. Ұлтқа ұлы тұлға болған алтын айдарлы Алаш азаматының тағылымын тану мақсатындағы өткен іс-шара жоғары деңгейде болды. Куратор Ж. Абитжанова іс-шараны қорытындылап, қатысушыларға алғысын айтты. 

Publication date :  5/18/2023