Republican forum "А.Байтұрсынұлы және тіл тағылымы"

5-10 қыркүйек аралығында А.Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасы «Ақымет Байтұрсынұлы және тіл тағылымы» атты республикалық форум ұйымдастырды. Бұл форумға докторанттар, магистранттар және студенттер 4 бағыт бойынша қатысып, өзара бақ сынады. Форумның мақсаты – қазақ руханияты тарихындағы ірі тұлға Ақымет Байтұрсынұлының тілтанымдық мұрасын жаңа лингвистикалық теориялар мен ғылыми көзқарастар тұрғысынан түсіну, Ақыметтану ілімін ұғу және Ұлт ұстазының тұжырымдары негізінде қазақ тіл білімінің болашағын зерделеу.  Форумда үздік деп танылған қатысушыларға бір реттік шәкіртақы көлемінде ақшалай сыйлық табысталды. Жеңімпаздарды  университетіміздің Әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Айдосов Нұржан марапаттады.  

Publication date :  5/18/2023