Әлеуметтiк - тәрбиелiк қызмет

 

 Халықаралық "Erasmus" жобасы аясында Франциядан келген қонақ Доктор Мартин Мегевандтың бір апталық дәрісі басталды. Дәріс барысында Француз әдебиеті өкілдерінің әлемдік руханиятқа қосқан үлесі жайында, әдебиеттің постмодернистік бағытта дамуы жайында сөз қозғалды.

 

Сәуір айының 2-28 аралығында кафедрамыздың оқытушылары Наубай Балғат, Нағашбеков Нұржан және Дайрабекова Гүлсима біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институтында "Шет тілдер" мамандығы бойынша толық курстан өтті. Ұстаздарымызды кафедра атынан құттықтай отырып жұмыстарына зор табыс тілейміз!

 

Студенттердің кафедра оқытушысы Нағашбеков Нұржанға алғысы

 

Бізге сабақ берген мұғалімдердің ішіндегі ерекшесісіз. Өзіңіздің жаңашылдығыңызбен, өзгеден ерек тактика, методикаңызбен тапсырма орындауға құлшынысымызды арттырасыз. Әсіресе, СӨЖ тапсырмалары тек білімімізді арттырып қана қоймай, өмірге көзқарасымызды өзгертіп, жаңаша ойлауға жетелейді. Жүрегіміздесіз! Бәрі үшін рақмет!

 

 

Кафедрамыздың 2 курс магистранттарының диссертация жұмысын пысықтау сәтінен көріністep


 

ҚазҰУ-дағы сенбіліктің өзі бір ғанибет. Қыстан қымтырылып, арқасы құрысып шыққан жер ананы тырмалап, бойына қан жүгірттік


 

 

    Қайырымдылық жәрмеңкесі


   
   Кафедрамыздың аға оқытушысы Мақатаева Шолпан Мұқағалиқызының кезекті қайырымдылық жобасы.
  
   
   
 
        Кафедра ұстаздары наурыз мейрамының өтуіне атсалысуда


 

 

 

 

 

 

 

Сонымен қатар, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде дүбірлі тойдың көркін, жаңадан ашылған қос бірдей субарқақ аша түсті. "Керемет" студенттерге қызмет көрсету орталығының алдында ашылған субұрқақ ҚазҰУ қалашығына жаңа бір өң берсе, басты корпустың алдында ашылған билейтін субұрқақ ҚазҰУ көркін одан әрі көріктендіре түсті. Нысандардың қызыл лентасын кесу абыройы универитетіміздің ректоры Ғалымқайыр Мұтанұлы Мұтанов пен әнші, жыршы, педагог, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1996), Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Дарын жастар сыйлығының иегері, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжiлiсінің III және IV шақырылым депутаты, Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Бекболат Қанайұлы Тілеуxанға берілді! ҚазҰУ қалашығына әр берген субұрқақтың ашылу салтанатына барша студенттер мен оқытушылар куә болды!
Мерейлі күндеріміз көп болсын!

 


"Мен бұл өмірді қалай бағалаймын" 


"How do I see this life?".... "Мен бұл өмірді қалай бағалаймын" тақырыбында кафедрамыздың оқытушысы Нағашбеков Нұржанның кезекті жобасы. Жоба барысында қазіргі таңдағы студенттердің басында кездесетін өзекті мәселелерді видеоролик арқылы көрсетіп, оның алдын-алуға ұсыныстар айту. 

 

 

 

Кафедрамыздың оқытушысы Әріпов Әліби ашық сабақ жүргізу үстінде.

 


 

 

Бұлақ көрсең - көзін аш

 

Шетел филологиясы мамандығының 3 курс студенттері Халықаралық "Фараби оқулары" байқауында жүлдели II және III орындармен марапатталған студенттері. Солдан оңға қарай Ақылбек Айдана II орын, Амиралина Амина III орын, Рамазанова Акмарал III орын. Жеңістеріңіз құтты болсын, алар асуларың көп болғай! Ұстаздарың Гүлсима апайларыңның сенімін ақтаңыздар!

 

 

Талапты ерге нұр жауар!


 

V Халықаралық Фараби оқулары аясында өткізілетін студенттер мен жас ғалымдардың "Фараби әлемі" атты Халықаралық ғылыми конференциясында "Аударма ісі" секциясы аясында кафедрамыздың оқытушысы Дайрабекова Гүлсиманың студенті Қаныбек Әділетті I орын алуымен шын жүректен құттықтаймыз!


"V Халықаралық Фараби оқулары" 

 


Бүгін университетімізде дәстүрлі V Халықаралық Фараби оқулары аясында өткізілетін студенттер мен жас ғалымдардың "Фараби әлемі" атты Халықаралық ғылыми конференциясының ашылуы 312 аудиторияда өтуде. Шараға еліміздің ішкі өңірлерімен қатар, шетелден жалпы саны 300-дей студенттер мен жас ғалымдар қатысуда.


 

 

 


"Kazakhs' songs in English version" атты студенттер арасындағы ән байқауы

 

Қазақ эстрадасындағы танымал әндердің ағылшын тілінде шырқалғанын бұрын-соңды көрген бе едіңіз? Бұл жобаның негізгі мақсаты көпшілікке танымал әнді ағылшын тіліне аударып, нақышына келтіріп орындау.

 

 

 


Қайырымдылық жәрмеңкесі


 

Шуақты Наурыз-көктемнің 30-ыншы  таңын Филология жəне əлем тілдері факультеті "Көмек" Қоғамдық қоры еріктілері  жəрмеңкемен бастаған болатын. Жəрмеңке сағат 11:00-13:00 аралығында өтіліп, барлық сатылымға қойған заттар түбіне дерлік үлестірілді. Еріктілердің күн-түні дайындалған бəліштері,тоқаш,бауырсақ жəне тəтті тағамдары ерекше дəмді болды. Жəрмеңке барысында мейірімді жүрек иесі екендігін дəлелдеген жандар өте көп болды. Бірі еш затты алмай жатып,көмек көрсетсе,енді бірі барлық ақшасына заттар сатып алуға тырысты. Жəрмеңкеге қорытындысы бойынша жиналған қаржы мөлшері едеуір қомақты болды. Шүкір 👐

Еске сала кетсек қайырымдылық жәрмеңкесі Есімбек Раxат Айбекұлына көмек көрсету мақсатында жасалынды.
Диагноз: остеогенная саркома нижней трети левого бедра (рак кости)

Оң қолың жасаған жақсылықты,
 сол қолың көрмесін"- деп жəрмеңкеге барынша ат салысқан қайырымды жандарға МЫҢ АЛҒЫС. Осындай жандарымыздың қатары арта берсін

 

"Біз - Астана құрдастарымыз!"

2018 жылдың 15 наурыз Астанамыздың 20 жылдығына орай "Біз - Астана құрдастарымыз!" атты шығармашылық байқау өтті. Аталмыш шараға факультетіміздің студенттері қатысып, бағалы сыйлықтармен марапатталды.


English speaking club

 

Speaking Club is held for teachers of the Department of Foreign Philology and Translation Studies every Wednesday with participation of foreign student Maxwell Wilson from the USA 🇺🇸, who studies at Kazakh National University named after Al-Farabi by Flagman Program, which implies studying of Russian language.
Relevant topics for discussion are linguistic problems and difficulties that non-native speakers can encounter while studying or teaching English as well as translating from one language to another. During previous Speaking Clubs the following topics were discussed: “Variants of American and British English”, “Linguocultural features of communication in different countries”, “Pidgin English as the language between ethnic groups”. Discussion of these topics contributes to complete development of both linguistic and personal characteristics of Speaking Club participants, including confidence, an expanded horizon and ability to analytical and critical thinking.

 

Мұқағали Мақатаевты еске алу кеші


Шынайы поэзия өкілі Мұқағали Мақатаевтың жеке кешіне арнайы ақынның ерке қызы, кафедрамыздың ұстазы аға оқытушы Шолпан Мақатаева қатысқан болатын.
"Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді" демекші ақиық ақын дүниеден озса да, оның туындылары біз үшін мәңгі өлмес,өшпес мұра болып қалары сөзсіз.


"1+1" жобасы



Шетел филологиясы жəне аударма ісі кафедрасының 
Оқытушысы:
Нұржан Нағашбек Әділбекұлы студенті
Қазақ филологиясы мамандығы 1-курс 
Жайбергенова Меруерт "Көрермен көзайымын" 
бірге анықтайық!
Осы суретке лүпіл басыңыздар! 
Дауыс беру 13.03.18 күні, сағат 18:00 аяқталады!!!

Сайыс барысында Нұржан Әділбекұлының қолына домбыра алып, халық әндерін шырқағанын алғаш рет көрген әріптестері таңданыстарын жасырмады. Берілген тапсырмалар мен қызықты сұрақтарға мүдірмей жауап беріп, бойындағы білімдерін көрсете білді. Бұл топ қосымша "Креативті жұп" номинациясымен марапатталып, бағалы сыйлықтар алды. «Ұстаздан шәкірт озар» дегендей, шәкіртін өзінен де білімді қылуға талпындырып жүрген ұстаз бен білімгердің алар асулары алда екендігіне сеніміміз мол!

 


"Қазіргі қоғамдағы қазақ әйелдерінің рөлі"


 

ҚазҰУ-дың Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының ұйымдастыруымен өткен Қымбат Әбілдақызымен өткен кездесуден естелiк. Осы кісінің бойындағы бір ғана қайсарлыққа ие болсақ, көшіміздің түзелері анық.



Естен кетпес кездесу

  Тағдыр... Арман... Қыранның көкте қалықтағаны, шағаланың көң теңіздің бұйра толқынымен жарысқаны келеді көз алдыма. Өйткені тағдырдың сызығы болмаса арман қиялдың шекарасын бұзып кететіндей көрінеді. Сан тағдырдың тармағы бір арманның торабында тоғысқандай сол күні. Барша студент үшін Қымбат Әбілдақызымен кездесу өмірлеріндегі ең тәтті естелік боп сақталатынына сенемін. Мен де сол сәттің бақытты кейіпкерімін! Мұхтар Әуезовтың дәрісханасына кірер бойда киелі шаңыраққа сәлем бергені тарихи сәттің куәгері болған мына біздің жүрегімізді еріксіз жаулап алды. Төрге келіп, дәл біздің жанымызға жайғасқанында «Құдайым, бұл өңім бе, түсім бе?»-деп өмірдің тосын сыйына таңданып қалдым. Студент шақтарынан үзік-үзік сырларын ақтарып, қазақ жайында көсіле сөйлегенінде кіп-кішкене жүрегімнің қалайша тебіренгенін сезсеңіз ғой! Ұшқын шашқан отты жанары маған қадала қарағанда ішімдегі тот басып, бүркеніп жатқан бұлақтың көзі ашылғандай болды. «Мен бір жағдайда ғана жылаймын: қазақтың намысы жер болғанда, қазаққа ұят келгенде!»-деген сәтте көзінен тамған жастың шынайылығына жүрегім иланды. Әр сөзінен қаны 62 тамырына сыймаған,  рухы асқақ жанның әлеміндегі жанартаудың атқылағанын, шындықтың жаңғырығын естідім, санамды шырмауықтай шырмаған сан мың сұрақтың жауабын таптым. Барша жастың көкейінде жүрген «Қазақ қызы, қазақ жігіті қандай болуы керек?» деген сауалдың да шешімі табылды. Сол күн өмірімдегі сұрақ белгілердің нүктесін қойған күн болды...

   Қымбат апай-боқты аңдыған құзғындарда ісі жоқ, өлексеге қарамайтын қыран сиқяты. Мекені-аспан. Өн бойынан адалдықтың, әділдіктің, шындықтың лебі аңқып тұрады. Әйтсе де, қыран да бір кездері біз секілді балапан болды емес пе? Ұқсастық көп... Арман қала Алматы, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, 17-жатақхана, әдебиеттің қара шаңырағына айналған филология факультеті және ауылдан арманын арқалап келген жас Қымбат. Бойы кішкене, мінезі дара қыздың өмір жолының да дара боларын кім білген?! Қазақ филологиясын «төркінім» дейтін Қымбат Әбілдақызы өзіне дәріс берген асыл ұстаздары жайында теңіздей жаны толқып сыр шерткенде жүрегінде әдебиетке, тілге, қазаққа деген кіршіксіз, тұп-тұнық махаббаттың барына сендім. Қымбат апайдың рухымды сілкінткен жалынды сөздерінен соң мамандығыма деген құрметім артып, шалқар шабыттың пырақты тұлпарын әдебиет әлеміне ерттеп міндім, ақ қағаз бен қара сияның құдіретінің алдында басымды идім. Көз алдымнан малдасын құрып, кітаптардың ішіне кіріп кеткен кішкене Қымбаттың бейнесі кетпейді. Сенімім сөгіліп, үмітім үзілгенде «Арманыңнан күдер үзбе!» деп нұрын шашып, жол сілтейтін Темірқазық жұлдызым секілді. «Шын жүректен, адал ниетпен тілеген тілек қабыл болады!»-деп Қымбат апай айтқандай, мен армандаудан жалықпайын, басыма бақтың қонуы бір Алланың бұйрығы. Мендік сезім еш сөзбен өлшенбейді.Тілегімдесіз, жүрегімдесіз... Жүз жасаңыз, қазақтың қайсар Қымбаты!

 

 

    әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

     Филология және әлем тілдері факультеті

     Қазақ филологиясының 1-курс студенті Нұрпейісқызы Зере


Желтоқсан құрбандарын еске алу кеші


 

Кафедрамыздың оқытушысы Нағашбеков Нұржанның ұйымдастыруымен 15 желтоқсан сағат 7:00-де №17 Студенттер үйінде Желтоқсан құрбандарын еске алу кеші ұйымдастырылды. Кеш барысында студенттер түрлі қойылым қойып, естелік өлеңдер оқылды.

 

 

«Тіл туралы ғылым және ғылым тілі» 

2018 жылдың 6 сәуірі күні кафедрамыздың ұйымдастыруымен ф.ғ.д., профессор Элеонора Дүйсенқызы Сүлейменованың ғылыми-педагогикалық қызметіне арналған «Тіл туралы ғылым және ғылым тілі» атты ғылыми-практикалық конференция өтті. Аталмыш іс-шара 2017 жылдың қыркүйек айында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы базасында Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-эксперттік кеңесінің қамқорлығымен бастау алған «Дәуір және Тұлға» атты шекті симпозиум семинарлары аясында ұйымдастырылды.

 

 

Құрметті оқытушылар, докторанттар, магистранттар және студенттер!

 

2018 жылдың 6 сәуірі күні филология ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Элеонора Дүйсенқызы Сүлейменованың ғылыми-педагогикалық қызметіне арналған «Тіл туралы ғылым және ғылым тілі» атты ғылыми-практикалық конференция өтеді. Аталмыш іс-шара 2017 жылдың қыркүйек айында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы базасында Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-эксперттік кеңесінің қамқорлығымен бастау алған «Дәуір және Тұлға» атты шекті симпозиум семинарлары топтамасында үшінші болып табылады.

Конференция ұйымдастырушысы: Филология және әлем тілдері факультеті шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы.

Конференция сағат 10.00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, филология және әлем тілдері факультетінде 312 аудиторияда өтеді.

Барлық ниет білдірушілерді шақырамыз!

 

 

Заман талабына бейімделген болашақ түлектер

2016 Жыл 11 айдың 28 күні.

          Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті ғылымды оқытудағы өз жүйелерін жаңарту үшін, университетті ең жоғары халықаралық талаптарға сай келетін зерттеу типіне өзгерту және әлемнің жетекші ЖОО-ның қатарына қосылу үшін университет аясында білімнің, ғылыми зерттеулердің және өндірістің тығыз бірігуіне негізделіп жасалған концепция бойынша курс қабылдады. Соңғы үш жылда ҚазҰУ QS World University Rankings халықаралық рейтингінде 350 орында және осы жылы 800 үздік университеттердің арасынан 275 орынды иеленіп, 300-топ университтерінің қатарына енді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті барлық заманауи рейтингтердің көшін бастап тұр. Бұл кездейсоқтық емес, өйткені, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – Қазақстанның алдыңғы қатарлы көп бағдарлы жоғары оқу орны. ҚазҰУ–дың көп дәрежелі оқу жүйесіне мыналар кіреді:  жоғары негізгі білім (бакалавриат), арнайы жоғары білім (магистратура) және докторантура (PhD). ҚазҰУ–ға қабылдану мемлекеттік білім беру гранттарымен және келісімшарт негізінде жүзеге асады. Мамандарды даярлау 180 мамандық бойынша іске асады.

Университетіміздің қабырғасында білім алып жүрген студенттерге бүгінгі күні жан-жақты мүмкіндік ұсынылған. Университетіміздің басты мақсаты академиялық саясатқа сәйкес студенттерімізді тек қана білім берумен ғана шектемей, сонымен қатар ұлттық тәрбиемен сусындап, шетелдік және отандық қарым-қатынастағы ғылыми жетістіктермен таныстырып, алған білімдерін өмірде, ғылым, білім жолында пайдалануға бағыт-бағдар беру болып табылады. Мәселен, филология және әлем тілдері факультетінің шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының мүмкіндігі зор. Шетел филологиясы және аударма ісі мамандығын меңгеріп жүрген студенттер екі тілдің маманы атағына ие болмақ. Бірінші шетел тілі - ағылшын тілі болса, екінші шетел тілі - неміс немесе француз тілі. Қазіргі шетел тілін меңгерген студенттер үшін осы игерген тілдер де аздық етеді, тіл маманы тек қана бір ғана ағылшын тілімен шектелмей, басқа да шетел тілдерін неғұрлым көбірек меңгерсе, білім нарығында бәсекелестікке қабілетті жаңа формациядағы таптырмас, тез өзгеретін нарықтық жағдайларға бейімделе алатын маман иесі болмақ.

Біздің факультетімізде, мәселен, жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасында осы шетел тілдеріне қосымша испан тілі, міне екінші жыл болып қалды меңгеріліп келе жатқанына. Енді, шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасына қарасты аударма орталығы студенттер, магистранттар, докторанттармен, оқытушылармен тынбай еңбек етудің арқасында әр түрлі тақырыпта біліктілікті арттыру курстары, мастер-класс, кездесулер, шетел тілдерін (ағылшын, неміс, француз, түрік, қытай, грек тілдері) оқытудың арнайы курстарын ұйымдастыру - осы болашақ студенттерімізді тәрбиелеп отырған оқытушыларымыз да жан-жақты ақпараттандырылған, кәсіби білімнің заманауи парадигмасына сай жоғары дәрежелі маман екендігінің дәлелі деп айтпақпыз.

Шетел филологиясы және аударма ісі мамандығының меңгерушісі, PhD докторы Д.А. Қарағойшиева және ф.ғ.к., доцент М. Жанабекова

 

 

Студенттердің үйірмеден үйренері көп


ҚазҰУ-да филология және әлем тілдері факультетінің шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасындағы «English Drama» клубының жетекшілері студенттердің рухани дүниесін әлемдік әдебиет өкілдерінің туындыларымен таныстыру мақсатында жыл сайын әртүрлі  іс-шаралар өткізіп отырады.

Жақында «100 кітап» жобасы аясында Клайв Стейплз Льюистің «Нарнья жылнамалары» негізінде мерекелік қойылым ұйымдастырды. Қойылымды «Шетел филологиясы» мамандығының магистранттары мен студенттері  жүргізді. Аулетова Адина мен Нурханов Жандарбек режиссерретінде «Нарнья жылнамалары» бойынша қойылам сценарин дайындаса,магистранттарГульдана Несипбай (Лев Аслан), Мусалимова Зарина(Сьюзан Певенси и Мистер Тумнус), сондай-ақ студенттер,Қуандық Нуржан (Гинарбрик), Орысбаева Айым (Эдмунд Певенси) – Жандаулетова Майя (Волк Могрим)кейіпкер рөлдерін сомдады.

«English Drama» клубы ағылшын тілінде сөйлеу тілін дамытатын үйірме ғана емес, нағыз театр, ағылшын тілінде  коммуникацияға түсетін үлкен жанұя секілді.  Бұндай қойылымдарға қатысып, рольдерді сомдау арқылы студенттер оқытылатын тілдің  барлық құбылыстарын, лексикасы мен фонетикасын, тілдік дағдыларды үйреніп қана қоймайды, сонымен қатар өз мамандықтарын жетік игеретін, еркін тілдесе алатын кәсіби маман ретінде де қалыптасады. Осындай игі шаралар арқылы өнер-білімге, ғылым мен мәдениетке, бәсекеге қабілетті еліміздің жастарын отандық және әлем әдебиетімен сусындауға тәрбиелейді, сондай-ақ  өзін кәсіби маман дейтін әрбір студенттің санасына шетел әдебиетінің жаһарларымен, рухани қазынасымен танысуға, хабардар болуға  жетелейтіндей көзқарастар қалыптасары сөзсіз.

Т.П. Колесникова, М.А. Жанабекова,

Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының оқытушылары.

1-Наурыз, 2017 жыл.

 

Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының оқытушылары

                                 Гүлсім Жанабекова, Адилия Алимбаева

Тағлымы терең тарихын сақтаған – Ұлы Дала!

 Жақында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология және әлем тілдері факультеті шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының оқытушылары «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында орай кафедра доценті Гүлсім Сейілханқызы Сүлейменованың ұйымдастыруымен және «Аударма ісі» мамандығының 2 курс студенттерінің қатысуымен ұланғайыр даланы қасықтай қаны қалғанша төгіп қорғаған ата-бабаларымыз бен ұлттың өткен өміріндегі асыл тұлғаларының ерліктері   жайында студенттердің ой-санасына зерделеу мақсатында «Ұлы Дала елінің тарихы/ История Великой Казахской степи/ History of Great Kazakh Steppe» атты мерекелік тамаша шара ағылшын тілінде өткізілді. Шара бағдарламасын ағылшын тілін өте жақсы меңгерген Венера Нургалиева мен Диана Султановалар жүргізді.

           Мереке құрметіне орай еліміздің ата тарихын сақтайтын, болашаққа жеткізетін бүгінгі ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыруға негізделген, ұлы даланың елінің өкілдері туралы ақпараттар ағылшын тілінде баяндалып, бейнебаяндар көрсетілді. Мерекенің ашылу салтанатында алғашқы сөз филология және әлем тілдері факультетінің деканы ф.ғ.д., профессор Өмірхан Әбдімановқа, шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.к., Ph.D. докторы Данель Карагойшиева және ағылшын тілінің базалық пәнін жүргізетін Гүлсім Сүлейменоваларға берілді.

        Қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының тарихындағы төтенше маңызды оқиға болғаны белгілі. Осы тұста әрбір қазақтың жадында сақталған көсемсөз шебері Міржақыптың: «Тарихын жоғалтқан жұрт – жоғалған жұрт», деген тұжырымы еріксіз ойға оралады.

Осыған орай студенттер дайындаған ақпараттар мен көріністер тамашаланды. Жандаулетова Майя 1456 жылы Керей мен Жәнібек ханның Әбілқайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап Шығыс Дешті – қыпшақтан батыс Жетісу жеріне қоңыс аударуы қазақ хандығының құрылуына мұрындық болған маңызды тарихи оқиғадан сыр шертті. XVIII ғасыр қазақ халқы үшін ел басына күн туған кезең болды, жоңғарлар тарапынан болатын шабуылдар халықты көп күйзеліскке ұшыратты. Кіші жүз әскерінің қолбасшысы болған Әбілқайыр хан Сайрам, Түркістан және Ташкент қалаларын қорғау жолында ерен ерлігімен көзге түскені жайлы Рыскулбек Жанель тамаша баяндама жасады.

Ұлы   мемлекет  қайраткері,  қолбасшы  және  дипломат болған Абылай  хан   Әбілмансұр бабамыздың ат үстіндегі жорықтары, ұлағатты өмірі туралы Султанова Диана баяндама жасаса, Нурханов Жанибек Президенттіміздің дүниеге келу тарихын паш ететін «Менің балалық шағымның аспаны» фильмінен алынған үзінді көрсетіп, көрермендер көңілін одан әрі шарықтата түстетін ақпараттардан ой толғады. Біздің Елбасы әлемдегі ең сыйлы саясаткер және біздің тарихымызда өз кезеңінің ілгерішіл, тамаша тұлғасы болып қала берері сөзсіз.

Осындай XY – ғасырдың орта шенінде құрылған Қазақ хандығы жайлы және мән-мағынасы бар ұлттық мерекелердің, ел мен жерді қорғаған ел ағаларының жетістіктерін әлемге танытатын, оларды ағылшын тілінде жеткізе алатын төл жастарымыз көп болғай дегіміз келеді.

Кеш соңында кафедра меңгерушісі Д.А. Қарағойшиева, ұйымдастырушы Г. Сулейменова мен «Аударма ісі» мамандығының 2 курс студенттерін ғасырлық тарихы бар ұлт қайраткерлерін әлем тілдерінде паш ететін студенттер дайындағаған тағлымды ақпараттар мен қойылмдарға ризашылықтарын білдіріп, оларды мақтау грамотасымен марапаттады.

 

 

ҚазҰУ-да қарым – қатынас тілі қалай оқытылады?

https://martebe.kz/khazuu-da-kharym-khatynas-tili-khalaj-okhytylady/

 

          Заман талабына сай тұлға жасақтап, ұрпақ сауаттылығын арттыруда қазіргі ұстаздардың  арасында студенттердің көптілдік қабілетін ұштау мәселесі өзді өзінен  алдыға  шығып отыр.  Елбасымыз –  Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан — 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында да Қазақ­стан 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарынан көрінуі  тиіс­ екендігін нақ түрде қадап айтып отыр. Бұл үрдіске кемелденген ұлт жастарының көзқарасымен қалай назар аудара аламыз? Әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарынан көріну-  егемендік алған еліміздің жаңа даму кезеңіңде, оның дүниежүзілік аренаға шығып, басқа елдермен саяси-экономикалық, мәдени қатынастарды калыптастыруында, Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болуында, әр түрлі дипломатиялық қызмет атқаруында, әрине,  ағылшын тілінің рөлінің аса қажеттілігі арқылы жүзеге асып отырғандығы рас. Қазіргі қоғамдағы геополитикалық, коммуникациялық, технологиялық өзгерістер және интернет жүйесі арқылы тілдесу — әр түрлі мамандықтағы, әр түрлі жастағы, әр түрлі қалауы, қызығушылығы бар адамдардың санын мейлінше көбейте түсуде. Осыған байланысты шетел тілдерін пайдалану қажеттілігі де  күн сайын артып келеді. Тіл — тек қатынас құралы емес, тілін үйреніп жүрген елдің рухани байлығын меңгеруде де үлкен рөл атқарады. Университетіміздің ректоры, оқу-әдістемелік бірлестігінің төрағасы Ғалым Мұтанов:  «2016-2020 жылдар аралығы еліміздің жоғары оқу орындарының үш тілдік білім беруге көшуі – отандық кадрлардың бәсекелестікке қабілеттілігін арттырудың және білім секторының экспорттық әлеуетін өсірудің негізгі шарты. Үш тілдік білім беру стратегиясы уақыт талаптарына жауап беруге, біздің қоғамның өмірлік қажеттіліктерінің шешімін табуға мүмкіндік береді. Мұның бәрі оқу-әдістемелік бірлестіктің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесіне алдағы жылға маңызды міндеттерді айқындап берді» деген болатын.

Білім саласы даңғылының түбегейлі рефорланған кезеңінде еліміздегі  ағылшын тіліне деген түсініктің тек коммуникациялық  ниетте болғандығы  уақыт өрісінде ерсі көрінеді. Әлемдік рейтингте жоғарғы 236 орыннан көрінген университетімізде қоғамды үштілділік процесіне дайындау мәселесі кеңінен талқыланып, соған орай тиісті шаралар жоғарғы дәрежеде жүргізіліп жатыр. Білімнің қарашаңырағы саналатын оқу ордамыздағы студенттердің дені ағылшын тілін аз уақытта жылдам  меңгеруде айтарлықтай нәтижеге қол жеткізіп отыр.  Университетіміздің қарарындағы ағылшын тілін оқыту әдістемесіне де қарым-қатынас тілінің майталмандары түбегейлі зерттеу жасап, тілдің теориялық құрылымын талдауға батыл ұмтылуда.  Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіндегі ағылшын тілін оқытуға арналған дәрісханалар пәнге қатысты көрнекі құралдармен толыққанды безендірілген. Студенттер ағылшын тілін меңгеруде бірнеше сатылы тіл ұстарту сынақтары мен  әлемдік тілде еркін сөйлеуге қатысты ережелерге көз жүгіртеді.  Жалпы, университетімізде ағылшын пәнін оқыту еркін форматта жүргізіледі. Атап айтсақ дәріс интеграция ұғымы арқылы жүзеге асады. Интеграция дегеніміз – пәндердің өзара байланысын жоғары деңгейде нақтылы түрде іске асыру. Интеграция тұтастықты қалыптастырып, білімді жүйелеу мен жинақтауда әр түрлі ғылымдарды біріктіреді, бір сабаққа бірнеше оқу пәндері мақсатының бірігуіне мүмкіндік береді.

Студенттердің үш тілде еркін сөйлеу біліктілігін дамытуды жүзеге асыру барысында мынадай міндеттемелерін негізге аламыз:

  • студенттердің үш тілде еркін сөйлеу біліктілігін дамытуда оқыту технологияларын тиімді пайдалану;
  • заманауи интерактивтік және инновациялық технологияларды қолдану;
  • үш тілде де қарым-қатынас жасауға, сөйлеуге үйрету;
  • әр студенттің тілдік қабілетін толық ашу;
  • сөздік қорын молайтуда аударма және түсіндірме сөздіктерін пайдалана алу;

 

Иә, ағылшын тілі пәнінің ғылыми ұстазы ретінде өзара стратегиялық міндеттерді атқаруға, заманауи әлемде Қазақстанның бәсекелестікке қабілеттілігін жоғары дәрежеде қалыптастыруға университетіміздегі пәннің жоғарғы деңгейде оқытылу шарттарының айтарлықтай үлес қостынына сенім білдіремін. Себебі, еліміздің болашағы – көптілділікті еркін меңгерген жастардың қолында.

Ашляева Маржан Темиржанқызы
Қастай Дастан Қуандықұлы.

3-Мамыр, 2017 жыл.

 

 


 

«Гарри Поттер және философиялық тас» қойылымы

 

 Филология және әлем тілдері факультетінің шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының оқытушылары «ҚазҰУ студенті оқуы тиіс 100 кітап» жобасы аясында Дж.К. Роулингтің  «Harry Potter and the Philosopher's Stone» қойылымын қойды.

 

22 сәуір  -  Жастар ынтымақтастығының халықаралық күні

    

   2016 жылының  22 сәуір күні  филология және әлем тілдері факультетінің шетел филологиясы   және аударма ісі кафедрасының оқытушылары Р.М. Таева, Ш.М. Макатаева, А.Т.  Алимбаева  және М.А. Жаңабековалардың  ұйымдастыруымен «Айналаңды нұрландыр»  жобасы аясында  Жастар ынтымақтастығының халықаралық күні құрметіне арналған   «Қазақ халқының салт-дәстүрлері – Customs and Traditions of Kazakh people» атты  ағылшын тілінде   мерекелік кеш өткізілді.  
   

Шетел тілдер апталығы  

Сәуір  18-27, 2016 

 Филология және әлем тілдері факультетінің  шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы «Айналаңды нұрландыр – Brighten your corner» жобасы аясында студенттердің меңгерген білімін тереңдету және қызығушылығын арттырумақсатында «Foreign Languages Contest» атты білім мен тәрбие тоғысқан мерекелік апталық ұйымдастырды.

   

Ардақты аналар әлеміне саяхат -  04 Наурыз 2016 жыл

 Филология және әлем тілдері факультетінің  шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы ұжымы  «Айналаңды нұрландыр»  жобасы аясында өткізілетін 8 наурыз күніне орайАналар құрметіне арналған  «Ардақты аналар  әлеміне саяхат» атты мерекелік кеш ұйымдастырды.

   

Алтын белес - Золотая середина - Golden middle      25 Наурыз 2016

       Филология және әлем тілдері факультетінің  шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының ұжымы  «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында студенттік рухты  жандандыру мақсатында «Алтын белес - Золотая середина - Golden middle» атты мерекелік  кеш өткізді.

   

Еуропалық тілдер мейрамы 

 

 Филология және әлем тілдері факультетінің шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының оқытушылары «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында "Еуропалық тілдер мейрамы"атты іс-шара өткізді.

 

   

Есіңе мені алғайсың

   Филология және әлем тілдері факультетінің шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының оқытушылары «ҚазҰУ студенті оқуы тиіс 100 кітап» жобасы аясында ақын М. Мақатаевтың 85 жылдық мерей тойы құрметіне  арналған "Есіңе мені алғайсың" атты  әдеби-сазды кешін ұйымдастырды.

   

Education around the world / Білім – бүкіл әлемд / Образование во всем мире

2 ақпан  2016 жыл

 

 Филология және әлем тілдері факультетінің шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының ұжымы  «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында  «Әлем білім үшін» тақырыбындаағылшын тілінде танымдық-тәрбиелік  кеш өткізді.

   

«Лир патша» қойылымы

 

 Филология және әлем тілдері факультетінің шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының оқытушылары «ҚазҰУ студенті оқуы тиіс 100 кітап» жобасы аясында қойылатын У. Шекспирдің «Король Лир»  қойылымын қойды.

   

Тұңғыш Президент – Первый Президент – TheFirstPresident 

26 қараша 2015

 

 Филология және әлем тілдері факультетінің шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының оқытушылары  Қазақстанның тұңғыш Президенті күніне арналған  мерекелік шара өткізді.

   

Зиянды дағдылармен күресу – денсаулық кепілі    29  Қазан 2015 жыл 

 Филология және әлем тілдері факультетінің шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының ұжымы  «Саламатты дене мәдениеті» жобасы аясында «Зиянды дағдылармен күресу – денсаулық кепілі» тақырыбындаағылшын тілінде тәрбиелік кеш өткізді.

 

17 қараша – Халықаралық студенттер күні 

 

 2015 жылдың 17 қараша күні шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы халықаралық студентер күніне орай «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» аясында «ҚазҰУ-дағы студенттік өмір» атты мерекелік кеш ұйымдастырды.

   

Ана үйі – Дом мамы «Үйі бардың күйі бар...»

 

        Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы оқытушыларының ұйымдастыруымен «Ана үйі – Дом мамы» қоғамдық қорына қайырымдылық көрсету мақсатымен «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында  «Үйі бардың күйі бар» қайырымдылық акциясы өткізілді.

   

Қыз тәрбиесі  - ұлт тәрбиесі 

   7 сәуір күні  №17 студенттер үйінде  шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының оқытушылары ҚоңырбековаТ.О.,Шакенова В.Б, Кенжеханова Қ.К. ұйымдастыруымен «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Қыз тәрбиесі  - ұлт тәрбиесі» атты іс- шара өткізілді.

   
   
   
   
   
   

 

 

 

 

 

 

 


ПОЭТИКАЛЫҚ ТӘРЖІМА КЕШІ

2014 жылы 7 желтоқсанда «Tarzhiman» жас аудармашылар ұйымында 4 курс, орыс тобы студенттерінің ұйымдастыруымен поэтикалық тәржіма кеші өтті. Кеш клубтың ғылыми жетекшісі, доцент Л.Ж.Мұсалының поэзияның сұлулығы мен тәржіма өнері жөніндегі әсерлі сөздерімен басталды. Ағылшын поэзиясының классигі У.Шекспирдің 5 сонетінің түпнұсқасы, орыс тіліндегі тәржімасы және Мұқағали Мақатаевтың тәржімасы қатар оқылды, талданды. Сондай-ақ, Э.А.Поның «Ворон», Г.В. Лонгфеллоның «Стрела и песня», М. Макатаевтың «Алдыңнан терезеңнің жүріп өттім»өлеңдерін қазақ-орыс тілдеріндегі тәржімалары тыңдалды. Түрлі поэтикалық ойындар жүргізіліп, 1 курс студенттерінің шығармашылық қабілеті шыңдалды. Кеш болашақ аудармашылар үшін өте пайдалы болды.

 

Халықаралықғылыми-әдістемелік семинар

2014 жылдың 05 желтоқсанында филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті аударма теориясы және әдіснамасы кафедрасының ұйымдастыруымен ақын, жазушы, публицист, Ресей Жазушылар одағы басқармасының хатшысы Владимир Алексеевич Берязевтің қатысуымен әдебиеттану мен аударматанудың өзекті мәселелері туралы Халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар өтеді.

21 ғасыр аудармашысы

2015 жылдың 5 ақпанында Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің аударма теориясы және әдісамасы кафедрасында бірінші курс студенттерінің арасында 21 ғасыр аудармашысы атты сайыс өтті.

 

 

Танымал тұлғалар

Аударма ісі мамандығының 1-4 курс студенттері кешке қатысыты. Ағылшын поэзиясының классигі У.Шекспирдің 5 сонетінің түпнұсқасы, орыс тіліндегі тәржімасы және Мұқағали Мақатаевтың тәржімасы қатар оқылды, талданды. Кеш болашақ аудармашылар үшін өте пайдалы болды.


 

Аудармашы тәжірибесімен бөлісті

2015 жылы 17 ақпан күні филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті аударма теориясы және әдіснамасы кафедрасының ұйымдастыруымен университет түлегі, белгілі аударматанушы ғалым, ҚР ҰҒА Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының профессоры НАҒИМА Сағындықовамен шығармашылық кездесу өтті.

Аудармашы мамандығының ерекше мәртебе екенін атап өткен кәсіби аудармашы Қожа Ахмет Яссауи туындыларын тәржімалау тәжірибесімен бөлісіп, болашақ аудармашыларға пайдалы ақыл-кеңесін айтты, студенттердің сұрақтарына жауап берді. МәшҺүр-Жүсіп Көпеев еңбектерінің орыс тіліне өзі аударған жинағын студенттерге тарту етті.

«Аударма ісі» бөлімі студенттерінен құрылған «TARZHIMANclub» жас аудармашылар клубы аударматанушы шығармашылығы бойынша дайындаған қойылым көрсетті. «TARZHIMANclub» жетекшісі, доцент Ләйла Мұсалы бұл кездесудің болашақ аудармашылар үшін өте пайдалы болғандығын, кәсіби кеңестер алғандығын атап өтті.

Кафедра меңгерушісі Ә.С.Тарақов кешті қорытындылап, Нағима Жәлелқызына зор денсаулық, отбасылық қуаныш тіледі

«Аудармашы - әлемдік өркениетті дамытушы»

 

Осындай тақырыппен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің филология әдебиеттану және әлем тілдері факультеті аударма теориясы және әдіснамасы кафедрасы 2015 жылдың 3- наурызында Алматы облысы Талғар қаласындағы №2 С.Сейфуллин атындағы орта мектептің 11-сынып оқушыларымен кәсіби бағдар мақсатында онлайн-конференция өткізді. Кафедра меңгерушісі Ә.Тарақов қазіргі жаһандану заманындағы аудармашы қызметінің рөлі және университеттегі мамандар дайындау жайында қысқаша әңгімеледі. Конференцияға кафедра оқытушылары және студенттер қатысып, сөз сөйледі.

 

 

Ағылшынша онлайн-конференция

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің филология әдебиеттану және әлем тілдері факультеті аударма теориясы және әдіснамасы кафедрасының профессор-оқытушылары 2015 жылдың 31- наурызында Алматы облысы Талдықорған қаласы №2 орта мектеп жоғары сынып бітірушілерімен «Идиомалық фразеологизмдер» тақырыбында онлайн-конференция өткізді. Кафедра ұжымы өткізген екінші шара. Бұл жолы аға оқытушы А.Айтмұхамбетова ағылшын тілінен тапсырмалар, тест сұрақтарын беріп, жауаптарын тексерді. Онлайн-конференцияға кафедра менгерушісі Ә.Тарақов, доценттер Л.Мұсалы, С.Сейденова қатысты.