Кафедраның үздік студенті

Калиева Марал Сейтазимовна, 24.05.1995 жылы Сәтбаев Қаласы, Қарағанды облысында туылған. ҚазҰУ университет|н|ң 2 курс магистранты. 2017 жылы ҚазҰУды ШФ мамандығымен б|т|рген. 2018 жылдың 2 семестр|нде президентт|к стипендиясын алған.


 

 

2018 жылдың 8 қарашасында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология және әлем тілдері факультетінде ақын Кацман Юлияның «Роза патшайымы» кітабының тұсаукесері өтті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің магистранты Кацман Юлия аударма ісінің маманы. Шараның қонақтары - факультеттің студенттері, магистранттары мен оқытушылары болды. Кацман Юлия - үш тілде өлең жазған ақын, ағылшын, орыс және қазақ тілдерінде жазған. Юлия, сонымен қатар, ол суретші, әр өлеңін авторлық суретімен мәнерлейді. Оның аудармалары арасында қазақ поэзиясының көрнекті ақындары Абай Құнанбаев, Мағжан Жұмабаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері бар.

«Роза ханшайымы» кітабын Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын Калима Мұрзабаева жазды. Тұсаукесерді кафедра меңгерушісі, доцент Карагойшева Данель Алмасбековна, доцент Сулейменова Гүлсім Сейлханқызы, профессор Қазыбек Гүлмира Айибергенқызы таныстырды. Студенттер жаңа кітап туралы өз әсерлерімен бөлісті. «Таржиман» әдеби бірлестігінің студенттері автордың өлеңдерін үш тілде оқыды.

Факультеттің студенттері, магистранттары мен оқытушылары Юлия Кацманды кітабымен құттықтап, оның денсаулығы, әрі қарай шығармашылық жолын тіледі. Кешті жылы және достық жағдайда өткізді.