Ғылыми жобалар мен зерттеулер
Кафедраның проекттерде қатысу көрсеткіштері
Абай ілімін білудің, түсінудің және қолданудың ғылыми негіздері мен теориялық тетіктері | |
«Мәңгілік Ел» ғылыми негіздері (XXI ғасырдың білімі, гуманитарлық ғылымдар саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер) бағытында 01.10.2020 ж. – 31.12.2022 ж. (27 ай) аралығында «Абай ілімін білудің, түсінудің және қолданудың ғылыми негіздері мен теориялық тетіктері» атты ғылыми жоба Абай институтының директоры, ф.ғ.д., профессор Жаңғара Дадебаевтың жетекшілігімен жүзеге асырылуда.
|
|
Еуразия лингвистикалық мектебі 2020 жылдың наурыз-сәуір айларында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының «Әлеуметтік лингвистика, аударма теориясы және практикасы» зертханасы мен «ALTAIR» балалар кітаптар академиясы бірлесе отырып VII Еуразиялық лингвистикалық мектебін «Дәуір және Тұлға: Тіл. Білім. Мәдениет» тақырыбында өткізді. (ұйымдастыру комитетінің төрағасы - шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы Аймағамбетова М.М.). Бұл іс-шара Шымкент пен Ташкент қалаларында өткізілу керек болған. Сонымен қатар, ЮНЕСКО шешімімен «ТМД елдерінің мәдени астанасы - 2020» мәртебесін алған Шымкент қаласында, Лингвистикалық мектеп аясында балалар кітап фестивалін өткізу жоспарланған болатын. Алайда, елімізде карантиндік шаралардың енгізілуіне байланысты Еуразиялық лингвистикалық мектебі қашықтық форматта өтті. Лингвистикалық мектеп қатысушыларына (мектеп, колледж, жоғары оқу орындары оқытушыларына) онлайн режимінде мұғалімдерге арналған үздіксіз білім беру бағдарламасы бойынша «Адам капиталының даму трендтері: көптілділік жағдайындағы қаржылык, функционалды жане оқу сауаттылығы» тақырыбында дәрістер оқылды. Дәріс оқушылардың қатарында Мәскеу, Шымкент, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының ғалымдары бар. 2020 жылдың 5 сәуірінде ф.ғ.д, профессор Қазақстан халқы Ассамблеясы ҒСК-нің мүшесі Шәймерденова Нұрсұлу Жамалбекқызы «Қазақстанның көп тілді кеңістігіндегі орыс тілінде сөйлеу мәдениеті және социолингвистикалық құзіреттілік» тақырыбында вебинар өткізді. |
|
||||||||||||||||||||
Кафедраның 2015-2017 оқу жылына арналған "Ғылыми жобалары мен зерттеулері"
№ |
Ғылыми жоба бағыты |
Ғылыми жоба атауы |
Ғылыми жоба жетекшісі |
Мерзімі |
Байланыс телефондары |
|
1 |
Гуманитарлық және әлеуметтік экономикалық ғылымдар саласындағы фундаменталды зерттеулердің өзекті мәселелері |
«Қазақстандық аударматанудың әлемдік мәдениетаралық кеңістіктегі заманауи мәселелері: зияткерлік әлеуеті мен даму болашағы». |
Тараков Ә.С. |
2015-2017 |
8(727)377-33-34 (1323)anuar_tarak@mail.ru
|
|
2 |
Гуманитарлық және әлеуметтік экономикалық ғылымдар саласындағы фундаменталды зерттеулер |
Абай Құнанбаевтың шығармашылық мұрасын пәнаралық зерттеу. |
Дадебаев Ж.Д. |
2015-2017 |
8(727)377-33-34 (1323)Dadebaev48@mail.ru
|