Жаңа оқу жылын бүгіннен бастаймыз

20.03.2009

Көрулер: 3464

2009 жылдың 19 наурызы күні журналистика факультетінде ашық есік күні болып өтті. Талапкерлер үшін сағат 10-нан кешкі 5-ке дейін журналистика факультеті оқытушыларынан қызықты ақпараттар алуға мүмкіндік туды. Журналистика факультетінің деканы Ғалия Жүнісқызы Ибраева және факультеттегі алты кафедраның меңгерушілері оқушылар қойған сұраққа жауап берді. Олар журналистика факультетін бірнеше жыл бұрын бітіріп кеткен бүгінде танымал түлектер есімімен танысты. Сондай-ақ, оқушылар бүгінгі студенттердің де тыныс-тіршілігін біліп, мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған мақалалары мен түсірген видеоролик, бейне көріністерін көрді. Магистрант Ольга Малышеваның арнайы балалар үшін дайындаған бұқаралық ақпарат құралдарының тарихын сипаттайтын қызықты мультфильмін көріп тамашалады.
Факультет күні бойы 10-11 сыныптарда оқитын 60-тан астам болашақ студенттермен жүздесті. Кейбір мектептер оқушыларын топтастырып жіберсе, кейбірі ата-аналарымен, көпшілігі өз еріктерімен келген. Кейбір талапкерлер арасында факультетпен бұрыннан таныс, журналистика факультеті және «Ұлан», «Дружные ребята» газеттерімен бірлесіп ұйымдастырған үздік шығармалар конкурсына қатысқандар да болды. Болашақ студенттерді қызықтырған сұрақтар университетке түсу мәселелері төңірегінде өрбіді: атап айтсақ, оқуға түсу үшін қандай емтихандар тапсырады, шығармашылық байқау қалай өтеді? Соңында олардың журналистика факультетінде оқуға деген ниеттерін анықтау мақсатында сауалнама жүргізілді.
Ашық есік күні талапкерлер журналист мамандығына деген қызығушылықтарының жоғары екендігін көрсетті. Факультет оқытушылары осы қарым-қатынасты жақсарту мақсатында оқушыларды 2009 жылдың 31 наурызы күні журналистика факультетінде өтетін «Жас тілшілер форумына» шақырды.