Жас тілшілер форумы

27.03.2009

Көрулер: 3020

2009 жылдың 31 наурызы күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультеті Жас тілшілер форумын өткізеді. Форумға университет ректоры Б.Т. Жұмағұлов, бұқаралық ақпарат құралдары, Қазақстан жастар ұйымы, сондай-ақ, жастар жобасын қолдаушы халықаралық ұйым өкілдері қатысады.
Форумда республикалық оқушылар шығармасының қорытындысы белгілі болады. Конкурс ережелері «Ұлан» және «Дружные ребята» газеттерінде жарық көрді (10-17 қаңтар 2009ж).
Конкурсты өткізудегі мақсат. Болашақ талапкерлерді журналистика факультеті мен университеттің гуманитарлық факультеттерімен жан жақты таныстыра отырып, тығыз байланыс орнату, сонымен қатар, жоғары сынып оқушыларын мамандыққа тарту.
Форум барысында жас тілшілер қабырға газеттері конкурсына қатысып, көрнекті журналистермен, халықаралық ұйым және ЮНЕСКО, БҰҰ, ЕЫҰҚ, Қазақстан Журналистер одағы өкілдерімен, Синь Хуа, Франс Пресс халықаралық агенттік тілшілерімен, Ресей БАҚ-мен, сондай-ақ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультеті оқытушылары мен магистрант, студенттерімен кездеседі.
Форумға қатысушы журналистика факультеті туралы кез келген сұрақтарға жауап ала алады.
Форумға Алматы қаласы мен Алматы облысы орта мектептерінің жоғарғы сынып оқушылары мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетіне түскісі келетін талапкерлер қатыса алады. Республикалық оқушылар шығармасының жеңімпаздары мен конкурсқа қатысушылар арнайы шақырылады.
Форумды өткізу барысында мынадай нәтижелерге қол жеткізуге болады:
•Жоғары сынып оқушылары мен мектеп, колледж және гимназияны бітірушілерге журналистика мамандығының қазіргі біліктілігін көрсету.
•ҚазҰУ-дың гуманитарлық факультеттерінде талапкерлер санын арттыру.
•Таңдаған мамандықтары бойынша талапкерлер жауапкершілігін арттыра отырып, оларға нарықтық талапқа сай сапалы білім беруді көздеу.
•әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің қажеттілігін ұғындыра отырып, ұлттық рухты қалыптастыру.
Форумға қатысамын деушілер ҚазҰУ-дың Абитуриент бетіндегі сайтына тіркелулері шарт.
Оқушылар шығармасының конкурсына және форумға қатысамын деушілер мына мекен-жайға хабарласыңыздар:
e-mail: Konkurs.jourfac@mail.ru, Konkurs.jourfaк@mail.ru,
сондай-ақ, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультеті.
Мекен-жайы: әл-Фараби даңғылы 71, ГУК-1, журналистика факультеті.
Тел.: 8-727- 3-77-33-38 қосымша. 13-43