Шамдар фестивалі, Дивали

30.11.2017

Көрулер: 3124

«Дивали» үнді фестиваліне арналған концерттік бағдарлама  шығыстану факультетінің және де Үнді елшілігінің «хинди класс» оқытушылар мен студенттердің жүргізілүімен отті.   

Бұл іс-шараның барысында Алматыдагы Үнді елшілігінің консулы мырза Мартин Сириас Клеменс, Теңгри банк төрағасы Динеш Кумар Харджал, үнді сауда және өнеркәсіп қауымдастығының төрағасы мырза Тара Чанд Нехра, сондай-ақ шығыстану факультетінің деканы, мырза Ықтияр Палторе қатысты.  

Қазақ ұлттық университеті де Қазақстан мен Үндістан арасындағы достық ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосты. Бұл ҚазҰУ-дың Үндістандағы Жавахарлал Неру университеті, Джамия Милия Исламия, Нью-Делидегі Дели университеті сияқты университеттермен ынтымақтастығы. Индология кафедрасының студенттері жоғарыда аталған университеттерде бір жылдан төрт жылға дейін саясаттану, филология, тарих, халықаралық қатынастар факультеттерінде білім алады және магистратура мен докторантурада грантта оқуға мүмкіндіктері бар.

Тек Қазақстанда қана хинди тілін үйренуге қызығушылық  емес, сонымен қатар Үндістанда қазақ тілін үйренуге қызығушылық бар, оның дәлелі 2008 жылдың наурыз айынан бастап қазақ тілін және қазақ тілін меңгеру орталығының Джамия Миллиа Исламия университетінде ашылуы.

Концерттік бағдарлама барысында Үндістанның дәстүрлері мен мәдениетін және де хинди тілін өте жақсы меңгеріп ғана емес, сонымен қатар үнді әндерін айтып, билерін билеп біздің студенттеріміз үшін жалынды шапалақ, ризашылық пен мақтаныш сөздері төгілді.