Қазақстан мен Жапониядағы жапонтану

30.01.2018

Көрулер: 4931

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Қиыр Шығыс кафедрасы Цукуба университетімен бірлесе отырып «Кампустағы кампус» жобасы аясында «Қазақстан мен Жапониядағы жапонтану» тақырыбына кезекті ғылыми конференция өткізді. Еске сала кетсек, екі университет арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылған. Бұл ынтымақтастықтың басты ерекшелігі - «Кампустағы кампус» (CIC) бастамасы. Бұл бастаманы іске қосқаннан кейін, серіктес екі университет ұлттық және институционалдық тосқауылсыз өздеріне қажетті зерттеу ресурстарын өзара тиімді пайдалану мүмкіндігіне ие болды.

Конференцияны Цукуба университеті мен Қиыр Шығыс кафедрасы ішіндегі Жапония мен Орталық Азияны зерттеу ғылыми-білім беру орталығы ұйымдастырды.

Конференция барысында жапон тілі және аударма саласындағы қазақстандық және шетелдік жас ғалымдардың зерттеу жұмыстары талқыланды. Аталмыш конференцияда кафедра оқытушылары С.И. Кадикова  және А.С. Даирова баяндама жасады. Сондай-ақ Цукуба университетінің магистранттары мен докторанттары өз баяндамаларын жасап, талқыға ұсынды. Баяндама тақырыптары әр-түрлі болып, екі жақ қатысушыларының үлкен қызығушылығын тудырды.

Өзінің алғыс сөзінде Қиыр Шығыс кафедрасының меңгерушісі Н.Б. Ем және Цукуба университетінің профессоры Оно Масаки атап өткендей: «Біздің университеттің қабырғасында осындай конференция өткізу жақсы дәстүрге айналды. Конференция жалпы жапонтануға қатысты ғылыми-практикалық мәселелерді бірге талқылап, тәжірибе алмасу үшін ыңғайлы алаң болып табылады. Осындай біріккен іс-шаралалардың арқасында екі университет арасындағы қарым-қатынас күшейе түсіп, ынтымақтастық әр салада өрбиді».

 

Қиыр Шығыс кафедрасы