Достық көпірі

23.01.2018

Көрулер: 3860

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ  ректоры Ғалым  Мұтанов Ыстамбұл университетінің проректоры Айдын Орхан Джанболатпен  кездесті.

Кездесу барысында сөз алған ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов екі ел арасындағы туыстық байланыстың маңыздылығын айта отырып, алдағы уақытта  Ыстамбұл университетімен қарым-қатынас жасауға дайын екендігін айтты.

«Бүгінгі таңда ҚазҰУ Түркия елінің 21 жоғарғы оқу орнымен ынтымақтастық қарым-қатынаста. Сонымен қатар ҚазҰУ Түркия мемлекетінің Ғази, Мұғла, Анкара, Ғазиантеп, Ататүрік және Анадолы  университеттерімен Mevlana Exchange академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында студенттер мен оқытушылардың білім алуын іске асыруда. Университетіміздің Шығыстану факультетінде «Түріксой» кафедрасы жұмыс жасайды, кафедра қызметінің басты мақсаты мәдени-гуманитарлық, ғылыми-техникалық ықпалдастық пен ғылыми-білім беру  жүйесін тереңдетіп зерттеу мен дамыту", - деді ректор.

Өз кезегінде Ыстамбұл университетінің проректоры Айдын Орхан Джанболат алда атқарылар жұмыстар бойынша және де ынтымақтастықтың басым бағыттары бойынша пікір алмасуға мүмкіндік бергені үшін  алғысын білдірді. Сонымен қатар кездесу барысында Ғ. Мұтанов ҚазҰУ базасында стаматологиялық факультетін ашуды ұсынды. Ыстамбұл университетінің өкілдері аталмыш ұсынысты қабылдап,  қызығушылықтарын білдірді. 

Сондай-ақ қос тарап алдағы уақытта екі жақты қарым-қатынасты дамыту жоспарларын талқылады.