Алматыда “Еуропалық Одақтың шағын моделі” атты іскерлік ойын өтеді

24.10.2017

Көрулер: 3554

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде 2017 жылдың 27 қазан күні сағат 10:00-де адам құқығы мәселесіне арналған “Еуропалық Одақтың шағын моделі” атты студенттік интерактивті басқарушылық ойыны өткізіледі. Шара Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Өкілеттілігі мен ҚазҰУ-дың Еуропалық ақпараттық орталығымен бірлесе өткізіледі.

Бұл ойынға ҚазҰУ Халықаралық қатынастар факультетінің және Қазақ-Неміс Университетінің 30-дан астам студенттері Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттердің және Қазақстан Республикасының ресми Өкілдері ретінде дипломатиялық алаңға шығады. Қатысушылар адам құқығын қорғау мәселесіндегі ынтымақтастық, әлеуметтік қауіпсіздік, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт және туризм мәселелері бойынша пікір таластырады.

Интерактивті басқару ойынның аясында, Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақтың Елшісі Траян Христеаның, ҚазҰУ-дың бірінші проректоры Мұхамбетқали Бүркітбаевтың және ҚазҰУ Еуропалық ақпараттық Орталығының директоры Құралай Байзақованың қатысуымен баспасөз брифингі өтеді.

Аталған кездесу ЕО өкілеттілігің баспасөз компаниясы іс шараларыны алғашқы қадамы болады және адам құқығы мәселелеріне арналып #EU4HumanRights хэштегімен белгіленеді.

Уақыты: 10:00

Өткізілетін орны: Алматы қ., Қарасай батыр көшесі 95, Халықаралық қатынастар Факультетінің оқу ғимараты, Ғылыми-Кеңес залы

Аккредитация сұрақтары бойынша: +77019492271, email: gulnara.baikushikova@gmail.com