Жаңалықтар

Көктемгі мейрам: «Балаларды қорғау күні»

29.05.2015

КӨКТЕМГІ МЕЙРАМ: «БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ»

2015 жылдың 29 мамырда әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің спорт кешеніндегі шахмат клубында Балалар күніне арналған оқытушы-профессорлар құрамы мен қызметкерлердің балалары арасында шахматтан XV дәстүрлі Олимпиада болып өтті. Бұл Олимпиада «Парасат» кәсіподағы (төраға – Мекебаев Т.К.) мен дене шынықтыру және спорт кафедрасымен (кафедра меңгерушісі - Арещенко А.И.) ұйымдастырылды. Жарыс ұйымдастырушысы - Таганова Н.П. («Парасат» кәсіподағының мүшесі). Бас төреші – шахматтан спорт шебері, Носков А.А.

Жарысқа ұлдар мен қыздар арасында жас ерекшеліктеріне қарай үш топқа 20 адамнан бөлінді: 10 жасқа дейін, 12 жасқа дейін, 14 жасқа дейін.

Ары қарай оқу >>

БҰҰ бас хатшысының орынбасары К.Гайяк ҚазҰУ-да болды

28.05.2015

Алматыда айтулы оқиға орын алды. БҰҰ бас хатшысының байланыс және қоғамдық ақпарат бойынша орынбасары Кристина Гайяк әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға келді. Ол оқытушылар мен студенттерге арнап дәріс оқыды, сонымен қатар тұрақты дамудағы университеттердің рөлі туралы дөңгелек үстелге қатысты.

Ары қарай оқу >>

Журналистика факультетінде 5 институционалдық реформа бойынша дөңгелек үстел өтті

27.05.2015

ҚазҰУ-да «5 институционалдық реформаны жүзеге асырудағы 100 нақты қадам»: Қазақстан дамуындағы жаңа кезең» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шара «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысымен бірлесіп ұйымдастырылды. Нәтижесінде университетте «Қазақстан-2050» республикалық біліми-ақпараттық орталығын ашу жөнінде шешім қабылданды.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ ғалымдары VIII Астана экономикалық форумына қатысты

27.05.2015

Жуырда география және табиғатты пайдалану факультеті энергоэкология кафедрасының меңгерушісі Т.Базарбаева мен кафедра оқытушылары Т.Тәжібаева, С.Полякова VIII Астана экономикалық форумына қатысып қайтты.

Ары қарай оқу >>

БҰҰ бас хатшысы ҚазҰУ-дың тұрақты даму саласындағы жұмысына жоғары баға берді

27.05.2015

Сеулде (Оңт.Корея) БҰҰ-ның академиялық ықпал бойынша екінші форумы өтті, онда өткен жылы атқарылған жұмыстар қорытындыланып, стратегиялық даму бойынша 2015 жылдан кейінгі күн тәртібіндегі мәселелер белгіленді. Бұл шараның маңыздылығы – БҰҰ Бас ассамблеясы бекітетін мыңжылдық тұрақты дамудың жаһандық стратегиясын қабылдауына дайындық жылы өтіп отырғандығында.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да «Әбілфайыз Ыдырысов» атты кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті

26.05.2015

ҚазҰУ-да университеттік «Өнегелі өмір» тағылымнамалық сериясымен «Әбілфайыз Ыдырысов» атты кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті. Салтанатты шараға еліміздің белгілі тұлғалары мен жазушылары, БАҚ өкілдері, университет оқытушылары мен студенттері қатысты.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ «COMSATSҚА» қабылданды

26.05.2015

ҚазҰУ – беделді «COMSATS» халықаралық үкіметаралық ұйымына мүше болған ТМД ЖОО-лары ішіндегі жалғыз университет (Оңтүстіктегі тұрақты даму мақсатындағы ғылым мен технология бойынша комиссия).

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест: 18.05.2015-23.05.2015

24.05.2015

  • ҚазҰУ туралы бір ауыз сөз
  • ҚазҰУ-да KMLab-ның алғашқы түлектерін құттықтады
  • Биология және биотехнология факультетінде жеңістің 70-жылдығына орай «Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды» атты шығармашылық кеш ұйымдастырылды.
  • Реформа жолында
  • «Айналанды нурландыр» фестивалі
  • Қазақ хандығына – 550 жыл
  • Қазақстан Халық Ассамблеясына – 20 жыл
  • Имидждік материалдар
  • Біздің сарапшылар
  • ҚазҰУ ғалымдары туралы
  • ҚазҰУ мен Тун Абдул Разак Университеті (Малайзия) арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қой қойылды.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ мен Малазия университеті магистранттарды бірлесіп оқытатын болды

20.05.2015

ҚР Ұлттық банкі мен Ислам банкінің бірлескен саммиты аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Тун Абдул Разак университеті (УНИРАЗАК, Малазия) өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Ары қарай оқу >>

Қазақпарат

20.05.2015

ҚазҰУ-да исламдық банкинг және қаржыландыру саласының жоғары білікті мамандары даярланады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Бүгін Алматыда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық Университеті мен Малайзияның Тун Абдол Разак (УНИРАЗАК) Университеті арасында ынтықмақтастық және исламдық банкинг (банк ісі) пен қаржыландыру саласында бірлескен қосдипломдық магистрлік бағдарламаны жүзеге асыру туралы Меморандумға қол қойылды.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест: 11-16 мамыр 2015 жыл

18.05.2015

  • ҚазҰУ-да ҚР Жоғарғы Сотының төрағасы Қ.Мәмидің қатысуымен ҚазҰУ түлектері қауымдастығының мәжілісі өтті
  • Имидждік материалдар
  • ҚазҰУ профессор-оқытушы құрамының жарияланымдары
  • Cайлау-2015
  • Реформа жолында
  • Қазақ хандығына 550-жыл
  • Студенттер материалдары
  • ҚазҰУ туралы бірер сөз

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да Kmlab тұңғыш түлектерін мадақтау салтанаты өтеді

18.05.2015

19 мамырда сағат 11:00-деҚазҰУ-да «KONICA MINOLTA» Kmlab озат технологиясының оқу зерттеу зертханасы базасының негізінде MPLUS & COMPASS білім беру бағдарламасының тыңдаушыларынның тұңғыш түлектерін мадақтау салтанаты өтеді.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУдің жас ғалымдары ҚР Тұңғыш Президенті Елбасының Қоры жобалар жәрмеңкесіне қатысты

15.05.2015

Философия және саясаттану факультеті дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессоры А.Жолдубаева, «Мәдениеттану» мамандығының 2 курс PhD докторанттары С.Аубакирова және М.Манасова ҚР Тұңғыш Президенті Елбасының Қоры «Ынтымағы мен бірлігі жарасқан Қазақстан» атты әлеуметтік идеялар мен жобалардың жәрмеңкесіне қатысты.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-дың доценті Ф.Дәулет өз еңбектерін Мәскеуде таныстырды

15.05.2015

ҚазҰУ-дың шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Фатимабибі Дәулет М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде Ресейдің қытайтанушы ғалымдарының алдында «Қытай тілінің практикалық курсы. Оқытудың жаңа тұжырымдамасы», «Ағылшынша-қытайша-қазақша-орысша тілдескіш» атты үш бірдей еңбегі бойынша М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде және Мәскеу мемлекеттік тілдер университетінде таныстырылым өткізді.

Ары қарай оқу >>

Елдос Жұмақанов пен Мариан Урдабаева – дзюдо күресінен Азия Чемпионатының қола жүлдегерлері

13.05.2015

Жарыстың бірінші күндерінде қазақстандық алты дзюдо күресшілері қола алқаға ат салысты.

ҚазҰУ студенттері Елдос Жұмақанов пен Мариан Урдабаева – екеуі де заң факультеті,

Кувейтте болған Азия Чемпионатының бірінші күнінде екі қола алқаны алды.

Ары қарай оқу >>

«Үздік студенттік топ» байқауы жеңімпаздары анықталды

13.05.2015

«Сұңқар» студенттер кәсіподағы бастамасыменұйымдастырылатын дәстүрлі жобалардың бірі – «Үздік студенттік топ» байқауы өз мәресіне жетті. Байқаудың бастымақсаты – студенттер арасында үздіктерді анықтау, олардықоғамдық мәні бар іске араластыру, түрлі жобаларда деңгейінкөтеру.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 4-9 мамыр 2015 жыл

11.05.2015

  • Ұлы Жеңіске – 70 жыл
  • «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында университеттің тілдік кафедраларының арасында жалпыуниверситеттік байқау өтті
  • әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұжымы Тәуелсіздік сарайында өткен ұлттың ұлы тұлғасын ұлықтау рәсімінен кейінгі алғашқы жиынын Елбасы ұсынған «Бес халықтық реформаны» талқылады
  • Публицист Е.Шаймерденұлына арналған конференция өтті
  • Имидждік материалдар
  • Реформа жолымен
  • Сайлау-2015
  • ҚазҰУ оқытушы профессорларының жарияланымдары
  • ҚазҰУ туралы бірер сөз

Ары қарай оқу >>

«Әлемдік ақпарат кеңістігіндегі Шыңғыс Айтматов публицистикасы» атты ғылыми конференция өтеді

11.05.2015

2015 жылы 12 мамырдаәл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, ЮНЕСКО және халықаралық журналистика кафедрасы және Әл-Фараби кітапханасының ұйымдастырумен«Әлемдік ақпарат кеңістігіндегі Шыңғыс Айтматов публицистикасы»атты студенттер мен жас ғалымдардың ғылымиконференциясы өтеді.

Ары қарай оқу >>

Бес халықтық реформа ҚазҰУ-да талқыланды

06.05.2015

ҚазҰУ ұжымы Тәуелсіздік сарайында өткен ұлттың ұлы тұлғасын ұлықтау рәсімінен кейінгі алғашқы жиынын Елбасы ұсынған «Бес халықтық реформаны» талқылауға арнады. Мемлекеттік дамудың үшінші кезеңінің негізін қалайтын аса маңызды реформалар жайлы алдымен ректор Ғалым Мұтанұлы баяндама жасады. Бұл талқылаудың университет ректоры Ғ.Мұтанов жуырда «Ай тұлғасы» болған G-Global алаңында көрсетілуі жиынның ерекшелігіне айналды.

Ары қарай оқу >>

Қазақпарат

06.05.2015

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Н.Назарбаев ұсынған бес институционалдық реформалар талқыланды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған бес институционалдық реформалар талқыланды, деп хабарлады жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.

Ары қарай оқу >>

«Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Бабалар аманаты» атты дәстүрлі ән-жыр кеші өтті

06.05.2015

Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арнап Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы Халық әні кафедрасының ұжымы және ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті, Кіші Фараби академиясы және Шығыстану факультетінің ұйымдастыруымен концерт берді.

Ары қарай оқу >>

«Посткеңестік кеңістіктегі қоныстану жүйесін реконфигурациялау: агломерациялар рөлі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтеді

06.05.2015

2015 жылдың 6-8 мамырында География және табиғатты пайдалану факультетінің география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасы «Посткеңестік кеңістіктегі қоныстану жүйесін реконфигурациялау: агломерациялар рөлі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.

Ары қарай оқу >>

Сағындық Сатыбалдиннің «2050 Стратегиясы». «Мәңгілік ел». «Нұрлы жол» атты монографиясы жарық көрді

04.05.2015

Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық Ғылым Академиясының академигі Сағындық Сатыбалдиннің «2050 Стратегиясы». «Мәңгілік ел». «Нұрлы жол» атты монография жарық көрді.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 27 сәуір – 2 мамыр 2015 жыл

04.05.2015

  • ҚазҰУ-да қазақ хандығының 550-жылдығына арналған «Төл тарихым – тамырым» атты республикалық студенттер айтысы өткізілді
  • Журналистика факультетінде публицист Е.Шаймерденовке арналған конференция өтеді
  • Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына, Қазақстан кәрістері қауымдастығының 25 жылдығы мен Кореяның азат етілуінің 70 жылдығына арналған «Бейбітшілік үшін платформа, этносаралық және конфессияаралық Қазақстан халқы Ассамблеясы» атты халықаралық симпозиумы өтуде
  • ҚазҰУ наурызды атап өтті
  • Имидждік материалдар
  • Сайлау-2015
  • Біздің сарапшылар
  • ҚазҰУ оқытушы-профессор құрамының жарияланымдары
  • ҚазҰУ студенттерінің басылымдары
  • Қазақ хандығына – 550 жыл
  • ҚазҰУ туралы бір ауыз сөз

Ары қарай оқу >>