ҚазҰУдің жас ғалымдары ҚР Тұңғыш Президенті Елбасының Қоры жобалар жәрмеңкесіне қатысты

15.05.2015

Көрулер: 2551

Философия және саясаттану факультеті дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессоры А.Жолдубаева, «Мәдениеттану» мамандығының 2 курс PhD докторанттары С.Аубакирова және М.Манасова ҚР Тұңғыш Президенті Елбасының Қоры «Ынтымағы мен бірлігі жарасқан Қазақстан» атты әлеуметтік идеялар мен жобалардың жәрмеңкесіне қатысты.

ҚР Тұңғыш Президенті Елбасының Қоры маңызды әлеуметтік бастамалар мен азаматтық қоғам дамуының қолдауымен жыл сайын кең көлемді жүйелі жұмыс жасап отыр. Әлеуметтік идеялар мен жобалар арнайы қолдау түрі. Он бірінші рет өткілізіп отырған Жәрмеңке Қазақстан Халық Ассамблеясы жылына арналды және қазақстандық қоғамның бірігуіне, патриотизмді дамытуға, мәдениеттер мен өркениеттер сұхбаттастығын дамытуға, әлеуметтік мәні бар мәселелерді шешу үшін жанын салатын адамдар күштерін біріктіруге бағытталған. Бұндай алаң стратегиялық жағынан маңызды жобалар бастамаларын, жаңа тәжірибемен бөлісу механизмдері мен қазіргі заманғы технологияларды, кәсіби қауымдастық үшін коммуникациялық және оқу-білім алаңын көрсетеді.

Жәрмеңке аясында университет өкілдері «Интернет желісіндегі «Ерекше қазақ мәдениеті» тақырыбындағы үштілді координациялық-ақпараттық портал ресурсына қол жеткізу» атты жәрмеңке аясында сөз сөйледі. Ұсынылған жобаның мақсаты бір жүйедегі әртүрлі бағыттағы ақпараттық технологиялар мен бағдарламалық құралдардың интеграциясы – үштілді портал (қазақ, ағылшын, орыс) қазақ мәдениеті - пәндік аймағы бар білімге негізделген. Жасалған жоба жетекшісі философия ғылымдарының докторы, профессор А.Жолдубаева.

Қатысушылар арасында дағдарыс орталықтары, мүгедек-азаматтарды қолдау қоғамыдары, емдік-тәрбие қайырымдылық баспаналары, кітапханалар қолдауы бойынша орталықтар, балалар мен жастар ұйымдары, әйелдер мен балалардың әлеуметтік бейімделу орталықтары және тағы басқа бағыттағы жобаларын ұсынды. Жобалар ішінен ең жақсыларына қор қолдау көрсетіп, жүзеге асыруға көмек береді.

Сонымен қатар ҚазҰУ өкілдері белгілі қоғамдық қайраткерлері, саясаттанушылар, бизнесмендер және журналисттер атсалысқан брифингке қатысты. Брифингте әртүрлі кәсіби аймақ өкілдері тәжірибелерімен бөлісті және әлеуметтік қызметтегі мәселелерді талқылады.

Дінтану және мәдениеттану кафедрасы